Ә

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
***
Әдептілік, ар-ұят –
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы, жат –
Надандықтың белгісі.
***
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Адамдықтың белгісі –
Көп артынан ергені.
***
Әділеттік, ар-ұят – адамдықтың белгісі,
Тұрпайылық, жат мінез – надандықтың белгісі.
***
Әке болу – табиғат заңы,
Әкелік борыш атқару – адамгершілік заңы.

maqal-matel.kz