Ә

Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер,
Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.
***
Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.
***
Әдемілігіне қарама,
Әдебіне қара.
***
Әдемілік – ақылдыны сынды қылады,
Ақылсызды жынды қылады.
***
Әдепті келін – ауылдың көркі.
***
Әділін айтсаң – әдемі айтқаның.
***
Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.
***
Әйел көркі – ақылда.
***
Әйел сұлу, еркек ақылды болу керек.
***
Әйел – үйдің ажары,
Бала – үйдің базары.
***
Әйел – үйдің көркі,
Еркек – түздің көркі.
***
Әйелдің ақылдылығы сұлулықта,
Еркектің сұлулығы ақылдылықта.
***
Әлем көркі – адам.
***
Әп-әсем ән еді,
Пұшық айтып қор қылды.
***
Әр сұлудың бір міні бар.
***
Әркім қылса өзіне,
Сүрме қояр көзіне.
***
Әсем болсаң, аспаққа асыларсың,
Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.
***
Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.
***
Әсемдік әйелге, қажырлық ерге жарасады.

maqal-matel.kz