А

Аға –
Еңбекпен көркем.
Бала –
Біліммен көркем.
***
Ағайынды ажын ажыратар,
Ақ жүзіңді әжім ажыратар.
***
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз ерер.
***
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
***
Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
***
Ағаш көркі – жеміс,
Адам көркі – жақсы іс.
***
Ағаштың жақсысы – шынар,
Адамның өңсізі – шыбар.
***
Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.
***
Адал дос – сәулетің
Асыл жар – дәулетің.
***
Адалдық – адам көркі,
Жүріс – ат көркі.
***
Адам ақылымен көрікті,
Ер халқымен даңқты.
***
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
***
Адам – дүниенің ажары,
Дүние – өмірдің базары.
***
Адам көркі – шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ.
***
Адам көркі ішінде.
***
Адамды еңбек көркейтеді,
Ағашты – миуасы.
***
Адамның әділдігі – шыншылдығында.
***
Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.
***
Адамның көркі – ақыл,
Сөздің көркі – мақал.
***
Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
***
Ажал ажарына да қарамайды,
Базарына да қарамайды.
***
Ажар – сұлу емес, ақыл – сұлу.
***
Ажарлы мал базарлы.
***
Ажарына ақылы сай болса әйел жолы жіңішке.
***
Ажарына қарай атын ал,
Базарына қарай затын ал.
***
Ажарына қарап, атын ал,
Базарына қарап, затын ал.
***
Азамат қазанатымен сұлу,
Әйел азаматымен сұлу
***
Азу тісі ақсиған,
Ат басына күн туар.
Сұлу мұртын ширатқан,
Ер басына күн туар.
***
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
***
Ай бетінде де сепкіл бар.
***
Ай десе – аузы,
Күн десе – көзі.
***
Ай десе – аузы бар,
күн десе – көзі бар.
***
Ай жүзді әйелден
Әдемі ән әлдеқайда артық.
***
Ай сұлу көрінер толғаннан соң,
Жігіт асып сөйлейді болғаннан соң.
***
Айна менен тарақ бар,
Алмасаң да қарап қал.
***
Айтқызып істеген істің іске сәндігі жоқ,
Қамшылатып шапқан жүйріктің
жүйрікке сәндігі жоқ.
***
Ақ жүзің де айнадай, перде болса,
Құл құтырар, төсегін төрге салса.
Жігітім кедей болса, сөз айта алмас,
Қылышынан қан тамған ер де болса.
***
Ақыл – адам көркі,
Ақылдың сабыр – серігі.
***
Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
***
Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз,
Адам көркі – жүз,
Жүздің көркі – көз.
***
Ақыл-ой мен білім – әр адамның сәулеті.
***
Ақылды әйел – тірек,
сұлу әйел – жүрек.
Кербез әйел – есер,
Шәйпау әйел – кесел.
***
Ақылды болу сараңға да жарасады.
***
Ақылсыз сұлу ханымнан,
Ақылды, көріксіз күң артық.
Ақылмен іс қылған соң,
Болады онан кім артық.
***
Ақылы жоқ сұлудан,
Өңі жаман текті артық.
Ұрлап алған түйеден,
Еңбекпен тапқан ешкі артық.
***
Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.
***
Ала ат мінгеннің көзі тыныш,
Шұбар қатын алғанның көңілі тыныш.
***
Алғаны жақсы жолықса,
Жігіт тағы жасарар.
***
Алқызыл гүл – жердің сәулеті,
Асыл жар – ердің сәулеті.
***
Алтын балдақ –
Қол сәні,
Әшекей, кесте –
Тон сәні.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Алтын жиһаз – ел сәні.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Асы жігіт – ел сәні.
***
Алтын жүзікке – жақұт көз.
***
Алтын кемер белге сән,
Алтын қылыш ерге сән.
***
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
***
Ана – көктемдегі таңға да көркемдік алып береді.
***
Ана көркі –
Алдындағы баласы.
Қала көркі –
Үйі, орман, ағашы.
***
Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.
***
Арғымақ атқа алтын тасты ер керек.
Ажарлы әйелге алтын басты ер керек.
***
Арғымақ атқа жал бітпей, сән бітпейді.
Азамат ерге әл бітпей, мал бітпейді.
***
Арғымақ көркем көрінер,
Өкпе, бауыр, жалымен,
Ер жігіт көркем көрінер,
Өріс толы малымен.
***
Арғымаққа жал бітпей, сән бітпес.
***
Арғымаққа жал бітпей, сән бітпейді,
Ер жігітке мал бітпей, әл бітпейді.
***
Арғымақтың баласы,
Арыса, сыны қайтар ма!
Асыл заттың баласы
Дұшпанға сырын айтар ма!
***
Арғынның аты жүйрік,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арғынның сөзі сұлу,
Найманның аты сұлу,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арманымен – ер сұлу,
Орманымен – жер сұлу.
***
Арықтың көркі – сәмбі тал,
Аттың көркі – құйрық, жал.
***
Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.
***
Асқан сұлулықтан
Аз ғана бақыт артық.
***
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
***
Асы бар аяқ әдемі.
***
Асы бар қазан сүйкімді,
Досы бар адам сүйкімді.
***
Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар.
***
Аттың көркі – жал,
Адамның көркі – мал.
***
Аттың көркі –
Құйрық, жалы, құлыға.
Таудың көркі –
Тасы менен бұлағы.
***
Ауыз бен тілдің көркі – сөз.
***
Ауыз көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.
***
Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап,
түнде тақпа.
***
Ашу кейіпті бұзады,
Білім биікті бұзады.
***
Ашу сиықты бұзады,
Ақыл биікті бұзады.

maqal-matel.kz