Ә

Әдепті келін – ауылдың көркі.
***
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі –
Кешіктірмей келгені.
***
Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайына жақпайсың.
***
Әжеме де барайын, бұзауыма да қарайын.
***
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
***
«Әй» дейтін әже жоқ,
«Қой» дейтін қожа жоқ.
***
Әке – жезде, ана – қазына.
***
Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ.
***
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
***
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Әпкеме жездем сай.
***
Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.
***
Әуелгі сөз – ағадан,
Әдепті сөз – ініден.

maqal-matel.kz