Б

Баға берме жүзіне қарап адамның,
Дана деме сөзіне қарап адамның,
Жолдас айырар оның жақсы-жаманын.
***
Бай болмаған бай болса,
Қонбаған сай қалмайды.
Би болмаған би болса,
Ақылы оның толмайды.
***
Байдан би шықса,
Кедейден дана шығады.
***
Байдың баласы шауып-шауып,
Ақылы түстен кейін есіне түседі.
***
Байларда ақымақ көп болар,
Байлығымен білінбес.
***
Байлаусыз ақыл – тәуекелдің дұшпаны.
***
Байлығыңа сенбе, ақылыңа сен.
***
Бақпен асқан хандардан,
Баспен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Бақыт қонса басыңа,
Білмесең де, данасың.
Бақыт ұшса басыңнан,
Ақ та болсаң, қарасың.
***
Бала атадан туады,
Ақыл өзінен туады.
***
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
***
Балаға пышақ берме,
Ақымаққа билік берме.
***
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.
***
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
***
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлесең, көрсетер өнер.
***
Бапсыз қыран түйілмес,
Құтсыз дәулет үйілмес.
Бап пен бақ екеуі де,
Ақылменен үйірлес.
***
Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға симайсың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймейсің.
***
Басқаның ақылдылығын күндеу –
Өзінің ақылсыздығын білмеу.
***
Баста ақыл болмаса,
Көз пөстектің жыртығы.
***
Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі.
***
Басында ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.
***
Басыңа бақ қонғанда,
Елден асқан данасың.
Басыңнан бақ тайғанда,
Қалыбыңа барасың.
***
Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.
***
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен қайрағын айтар.
***
Батырлық майданда,
Ақылдылық ашу үстінде сыналар.
***
Бәйтерек басын күн шалса,
Көлеңкесі жердікі.
Артық туған ақылды
Өмір бойы елдікі.
***
Бектер болса ессіз,
Бұзылады ескі із.
***
Берекелі тоғайда
Басын иіп тал тұрар.
Берекелі ауылда
Ақылы дана шал тұрар.
***
Бидайдың кеудесін көтергені –
Дәнінің жоқтығы.
Жігіттің кеудесін көтергені –
Ақылының жоқтығы.
***
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
***
Билік, байлық, даналық бір өзіңе байланысты.
***
Бойдақ қыздың екі күн есі бар да, бір күн есі жоқ.
***
Бойдақтың ақылы – екі көз.
***
Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.
***
Бойыңның ұзынын қайтейін,
Ақылың аз болса.
***
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
***
Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
***
Бос өткізу өмірді
Ақымаққа көңілді.
***
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
***
Бөрінің соңынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
***
Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
***
Бұрын қонғаннан қоныс сұра,
Бұрын туғаннан ақыл сұра.
***
Бұрынғы туғаннан ақыл сұра,
Бұрынғы қонғаннан қоныс сұра.
Көрегенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
***
Бұрынғы ханның билігі жүрмес,
Кейінгі ханның ақылы жүрмес.
***
Білген ерден білім толтыр бойыңа,
Ізгі сөзден ес кіреді ойыңа.
***
Білгенге дәрі шалмын,
Білмегенге кәрі шалмын.
***
Білмес наданнан би қойсаң,
Жұртыңды дауға алдырар.
***
Білім алсаң, білерсің,
Надан қалсаң, бүлерсің.
***
Білім – бұлақ,
Ақыл – жағалай өскен құрақ.
***
Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ.
***
Білім – дария,
Ақыл – тоған.
***
Білім деген – гауһар, бағасы жоқ,
Надандық деген – кесел, дауасы жоқ.
***
Білім – терең түпсіз көл,
Надандық – нәрсіз шөл.
***
Білімді әйел басыңа қарайды,
Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
***
Білімді болғың келсе,
Дананың айтқанын тыңда.
***
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
***
Білімділер халыққа бас, ес еді,
Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
***
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар,
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
***
Білімсіз туған көп ұлдан,
Білімді туған қыз артық.
Білімсіз көп наданнан,
Білімді бір ер жүз артық.
***
Бір ақылды кісі айтыпты: «бір ақша жүз елу батпан қара күштен әлдеқайда пайдалы».
***
Бір жас жігіт айтыпты:
«Ұзын бойлы ақымақтан,
Қысқа бойлы ақылды артық».
***
Бір жас үлкеннен ақыл сұра.
***
Бір жүз елу тараудан тұратын ақыл оқып берсең де, ақымаққа ойыншық көрінеді.
***
Бір күн абдырағаннан қырық күн ақыл сұрама.
***
Бір күн ашыққаннан
Қырық күн ақыл сұрама.
***
Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.
***
Бір тентек бір ақылды таласса,
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса, сап-саудай болар.
***
Біреу еңбек сіңіргенде ес көріп,
Жаның болса жүр ұмытпай ескеріп.
***
Біткен ақыл болмаса,
Сүрткен ақыл болмайды.

maqal-matel.kz