Ғақыл айнымас,
Алтын шірімес.
***
Ғақылды ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.
***
Ғақылы қысқа қатынның
Қарай қойшы өнерін.
Білмей айтар бұ шіркін,
Кімнің бұрын өлерін.
***
Ғалым – ақылдың шамы.
***
Ғалым бар дүниеде «дана» аталған,
Білімі халық жолын нұрға малған.
***
Ғалым деген – дария,
Қыса берсең, таси береді,
Надан деген – есек,
Қыса берсең, жаси береді.
***
Ғалымдық – шам,
Надандық – қараңғы там.
***
Ғалымның бір күні
Наданның мың күніне татиды.
***
Ғибрат алмас нұсқа көріп,
Ас пысырса, қылар суық,
Нан пысырса, қылар күйік.
Сақтасын Құдай қатыннан
Ақылы жоқ көңілі тұйық.
***
Ғылым өлшеуі – ақыл,
Зейін өлшеуі – нақыл.
***
Ғылымды надан жер етер.
maqal-matel.kz
