А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
***
Адам айдаса, барман,
Алла айдаса, қалман.
***
Адам айдаса, бармаймын,
Құдай айдаса, қалмаймын.
***
Адам басы – Алланың добы.
***
Адам дегені болмас,
Құдай дегені болар.
***
Адам ойлайды,
Алла шешеді.
***
Адамнан алған түйеден,
Алладан алған ешкі артық.
***
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады.
***
Адамнан сұрама,
Алладан сұра.
***
Адамнан сұрама,
Құдайдан сұра.
***
Адамнан сұрасаң,
Екі көзің шығады.
Алладан сұрасаң,
Екі бүйірің шығады.
***
Адамнан тілеген ариды,
Құдайдан тілеген жариды.
***
Адамнан тілеген қариды,
құдайдан тілеген жариды,
есті кісі ер істі оймен таниды.
***
Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.
***
Адамның басы – Алланың добы.
***
Адамның басы – Құдайдың тасы.
***
Айтсаң, уәдеге жет,
Уәдесіз Аллаға шет.
***
Ақ пен қара жарысар,
Аққа Құдай болысар.
***
Ақиқатын айт – адамға жақпаса да,
Аллаға жақсын.
***
Аққа Құдай жақ.
***
Ақсақалдан бата алған,
Құдайдың рахметіне жолығар.
***
Ақыл – Алланың сыйлығы.
***
Алғаш атыңды тұсаула,
Кейін Құдайға тапсыр.
***
Алдымен атыңды тұсаула,
Кейін Құдайға тапсыр.
***
Алла бар деп аш қалма,
Атым бар деп кеш қалма.
***
Алла бергенге бірдей.
***
Алла бермегенді
Молла бермейді.
***
«Алла» деген ар болмас,
«Алла» деген пенделер
Еш нәрсеге зар болмас.
***
«Алла» деген – ойын сөз,
Қияметте қиын сөз.
***
«Алла» деп барсаң, аман келерсің.
***
Алла жаққан шырақты
Ақымақ үрлеп сөндірмес.
***
Алла сайтаны көрінбей жазғырады,
Адам сайтаны көрініп азғырады.
***
Алла салған отты адам өшіре алмас.
***
Алла салған отты
Ақымақ өшіре алмас.
***
Аллаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын.
***
Аллаға жағамын десең, азаның болсын,
Пендеге жағамын десең, қазаның болсын.
***
Аллаға жағамын десең, азаның болсын,
Халыққа жағамын десең, қазаның болсын.
***
Алладан келген ажалдан жағады.
***
Алладан ойбайым тыныш.
***
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығар,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығар.
***
Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.
***
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермеймін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
***
Алланың сайтанынан адам сайтаны жаман.
***
Аллаңнан ойбайым жақсы.
***
Ананың хақы – Құдайдың хақы.
***
Аңшының қаршығасы болса,
Қоянның Тәңірісі бар.
***
Арамды Құдай табады,
Момынды қайыр табады.
***
Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.
***
Артқан түйеңнен,
Сиынған иең күшті болсын.
***
Артыңа ұрпақ қалдыру – Құдайдың ісі,
Сөз бен іс қалдыру – өзіңнің ісің.
***
Астың аласы,
Құдайдың пәлесі.
***
Асып-тасқан байлықты
Құдай да қостамайды.
***
Атасы басқаны Құдай қосады,
Үйірі басқаны ноқта қосады.
***
Атың жемқор болса, берді Құдай,
Қатының мешкей болса, ұрды Құдай.
***
Атың жемқор болса, берді Құдай,
Қатының жемқор болса, ұрды Құдай.
***
Атыңды тасқа арқандап, Тәңірге жыла.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал,
Құдай ұрғанға не амал.
***
Ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ.
***
Ащы менен тұщыны татқан білер,
Жақсы менен жаманды Жаратқан білер.
maqal-matel.kz
