Б

Бай байға жетем дейді,
Бай Құдайға жетем дейді.
***
Бай болмақ, жарлы болмақ жалғыз Хақтан.
***
Байдан күткенше,
Құдайдан күт.
***
Байды Құдай атайын десе,
Байталын атқа сатады.
Жақсыны Құдай атайын десе,
Өз елін жатқа сатады.
***
Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.
***
Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл бастайды.
***
Байды Құдай ұрарында барымтаны бастайды,
Кедейді Құдай ұрарында пісіп тұрған
егінін ормай тастайды,
Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
***
Байдың жаны кейісе,
Құдайын қарғайды.
Кедейдің жаны кейісе,
Құралайын қармайды.
***
Бақыт берсе Құдайым, көргенде білерсің,
Дәулет берсе басыңа, ақ тұйғындай түлерсің,
Оныменен кетпессің, ақырында өлерсің.
***
Баланы Құдай берсін,
Алалынан бермесе, ала берсін.
***
Бардан дәметпеген,
Құдайдан дәметпейді.
***
Басты берген Құдай ас та береді.
***
Басты берген Құдай асты да береді.
***
Басты Құдай береді,
Малды еңбек береді.
***
Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.
***
Басы аманның Құдаймен ісі жоқ.
***
Басы ауырмағанның Құдайменен не ісі бар.
***
Басы ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірмен ісі жоқ.
***
Басы ауырып, басы сыздамағанның – Тәңірмен ісі жоқ.
***
Басы бостың байы – Құдай.
***
Басыңа бәле келсе,
Баққа сиынба, Хаққа сиын.
***
Басыңа пәле келсе,
Таққа сиынба, Хаққа сиын.
***
Бәйбіше – Құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
***
Бәйбіше Құдайдың бұйрығы,
Тоқал – ешкінің құйрығы.
***
Бекер жатқаннан Тәңір де безер.
***
Бекерден Тәңірім безер.
***
Бекершілден Құдай безер.
***
Бер дей берсең,
Құдайға да жақпайсың.
***
Берген аста береке бар, береке – Құдай аты,
Бермеген аста біте бар, Біте – шайтанның аты.
***
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
***
Берсін дейді сұлтан,
Бергізбейді сұбхан.
***
Биді Құдай ұрмайды,
Алымға сөзін бұрса да.
***
Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
***
Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.
***
Бүркіт – құс тәңірісі.
***
Білгіш – Құдай.
***
Білмес Құдайды білмес,
Көрмесі түйені көрмес.
***
Бір Құдай жетелеп,
Екі ажал айдап келеді.
***
Біреуді жалғыз деме,
Жалғыз Құдай барлық жанның иесі.
Жалғыз деп біреуді азсынсаң,
Түбінде барып өзіңе тиер киесі.

maqal-matel.kz