Бай кісі базарға барса,
Сұм хабар табады.
***
Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Қурамасаң, маған кел.
***
Бай пайдақор, аңшы айлакер болады.
***
Байдың жанына барсаң,
Байымасаң, маған кел.
Қудың жанына барсаң,
Құрымасаң, маған кел.
***
Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса, алдап соққанын айтар.
***
Бәйбішенің жайы байға мәлім,
Бай келгенде шылыбдар тоқал залым.
***
Бәрі түгел: құт пен бақыт алдаса,
Адам бірақ өзін құртып алмаса.
***
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
***
Бедекшінің малы жең ішінде,
Алдамшының малы ерні үшінде.
***
Би әділ болса, дауды тындырады,
Залым болса, сөнген дауды жандырады.
***
Бөрі қартайса да бір қулық болады.
***
Бұ дүние көлеңкедей алдайды,
Қусаң, қашар, қашсаң, сенен қалмайды.
***
Бұқаның арамзасы бұзау арасында.
***
Бұлт шығып, жаңбыр жаумай елді алдайды,
Әйелдің ғайлакері ерді алдайды.
***
Білмегенді сұрап үйренген – ғалым,
Арланып сұрамаған – өзіне залым.
***
Білім – байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.
***
Бір әйелдің айласы
Қырық есекке жүк болды.
***
Бір қатынның айласы
Қырық есекке жүк болған.
***
Бір қатынның мекері қырық есекке жүк болар.
***
Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
***
Бір ұрғашының айласы қырық есек,
Бір қашарға жүк болар.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.
maqal-matel.kz
