А

Ағаның ініні жеңгені –
Еңкейіп үйге кіргені.
Інінің ағаны жеңгені –
Қайырылып сәлем бергені.
***
Адам болып жүргенің адамдықта,
тонды тастап қашарсың жамандықта.
***
Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені.
Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені
***
Адамдықтың белгісі –
Иіліп сәлем бергенің.
Шын достықтың белгісі –
Шынайы көмек бергенің.
***
Адамына қарай сәлемі.
***
Ажалдан аман қалатын адам жоқ.
***
Ай жүрсең де, аман жүр.
***
Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.
***
Алаңсыз адам асықпайды,
Асықпаған аман жүреді.
***
«Алла» деп барсаң, аман келерсің.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал сәлем береді.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
алпыстағы шал сәлем берер.
Алты жасар бала жолдан келсе,
алпыстағы шал алдынан шығар.
***
Алты жасар жолдан қайтса,
Алпыс жасар көрісе келер.
***
Алыстан қара көрінсе, қаша бер,
Қаша берсең, амансың.
Некеп-некеп қоймаса,
Қайрылмасаң, жамансың.
***
Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
***
Аман ердің аты шығар.
***
Аман жүрген кезде асығыс жоқ.
***
Аман жүрсең, әлем сенікі.
***
«Ар ма» деген әлге қуат,
«Бар бол» деген бәрінен зият.
***
Астан бұрын армысыңды түзеуле.
***
Ата өлсе, бала аман.
***
Ата тілін алмаған,
аман болып көп жүрмес.
***
Ауылы бүтінді аман де,
Елі бүтінді есен де.

maqal-matel.kz