Әншейінде бұл жұрттың бәрі мерген,
Жортады қараңғыда кәрі мерген.
***
Әр елдің түлкісін өз тазысымен аула.
***
Әр таудың түлкісін әдісін білген тазысы алады.
***
Әр түлкінің өз тазысы бар.
***
Әр түлкінің өрісі басқа,
Әр ауылдың қонысы басқа.
***
Әуелі көздеп ал, сосын ат.
maqal-matel.kz
