Бағың асқан шағыңда,
Құзғын салсаң, қаз ілер.
Бағың тайған шағыңда,
Тұйғын салсаң, аз ілер.
***
Бай пайдақор, аңшы айлакер болады.
***
Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.
***
Бала анасына қарайды,
Аң панасына қарайды.
***
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
***
Балалы қоян қаша алмас.
***
Балам, жыланнан қашқандай,
Жазықтан да қаш.
***
Балалы қоян қаша алмас.
***
Баланы бала деме,
Арыстанның баласы болып шығар.
***
Барыс болып тусаң,
Борсыққа ұқсап жан кешпе.
***
Бас түйенің жетегін әлдеқалай ұстай қалған тышқан
Бүкіл керуенді бастайды.
***
Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.
***
Батыр емей немене атқан жігіт,
Қатын емей немене қашқан жігіт.
Мың жылқылы байыңды елер ме екен
Оразасын үйінен ашқан жігіт.
***
Батырды намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
***
Бес тиындық қоян – он тиындық зиян.
***
Биылғы жыл қоян емес, көжек екен,
Мақаттың қыз алатын кезегі екен.
***
Биік таудың басына:
Қиялап ұшып қыран да шығады,
Жер бауырлап жылан да шығады.
***
Борай-борай қар жауса,
Боз қоянды өлтірер.
***
Борсық ұрған сайын семіреді.
***
Бөрі көмеді, түлкі ашады.
***
Бөрі қартайса, тышқаншыл болады.
***
Бөріден қорыққан мал жимас,
Тышқаннан қорыққан дән жимас.
***
Бөріктің құндызына қарама,
Маңдайының жұлдызына қара.
***
Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
***
Бөрішіктің баласы бөрі алмаса да, түлкі алады.
***
Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
***
Бұланнан биік аң болмас,
Бұланайдан биік тау болмас.
***
Бұра сөйлеген күлкіге жақсы,
Бұра қашқан түлкіге жақсы.
***
Бүркіт аш болса, алады,
Тазы тоқ болса, алады.
***
Бүркіт қартайса, тышқан аулар.
***
Бүркіт қартайса – тышқаншы болады.
***
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
***
Білем десе, жыланның күйсегенін де білуге болады.
***
Бір байдың жұртына екі тышқан таласады.
***
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
***
Бір оқты құлан көтереді,
Екі оқты бұлан көтереді.
***
Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
***
Бір түлкінің терісін екі рет соймайды.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.
maqal-matel.kz
