Байлық мирас емес,
Жоқтық ұят емес.
***
Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.
***
Байлық мұрат емес,
Жоқтық ұят емес.
***
Байлық мұрат,
Кедейлік ұят емес.
***
Бала ақылды болса,
Ата-ананы оздырады.
Желбуаз, жетесіз болса,
Жерге қаратып, тоздырады.
***
Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.
***
Баланы Құдай асырай алмасын деп күңге берер,
Масқара болсын деп қызға берер.
***
Балаңды жасыңда жақсы тәрбиелесең,
Өскенде баласынан ұялмас.
***
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
***
Басын шалған шөптің тамыры қалады,
Арлының малы кетеді, ары қалады.
***
Бейшара «көндім» дейді,
Беті қара «жеңдім» дейді.
***
Бермегенді беріп ұялт.
***
Бет көрсе, жүз ұялады.
***
Бетсіз болсаң, белгісіз боларсың,
Белгісіз болсаң, елсіз қаларсың.
***
Беттің арын белбеуге түйіп.
***
Бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.
***
Бетің былғанса, су тазалайды,
Арың былғанса, кім тазалайды?
***
Бойжеткеннің ұяты – босағадан аттанғанша.
***
Бұл жалғанды бұзатын – арсыз адам.
***
Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме,
Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.
***
Білмегенді сұрап үйренген – ғалым,
Арланып сұрамаған – өзіне залым.
***
Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.
***
Білімді болса – жолдан,
Көргенді болса – сөзден жазбас.
maqal-matel.kz
