Б

Базар – ақшалыға базар,
Ақшасыздың өзі де азар.
***
Бай аузында семіз сөз.
***
Бай тойғаннан секіреді,
Кедей аштықтан секіреді.
***
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
***
Байдың бір жоқтығы бар,
Аштың бір тоқтығы бар.
***
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
***
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаһанда нан жоқ санар.
***
Байлық не дегізбейді,
Аштық не жегізбейді.
***
Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсірер,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.
***
Бақыл тоймас,
Ұры байымас.
***
Балаң қайқы сері болса,
Жалғыз атқа жал бітпес.
Қатының қайқы сері болса,
Маңдайыңа мал бітпес.
***
Балық – сақау,
Жұмыртқа – бітеу.
Қой аман,
Қасқыр тоқ.
***
Балықшының қонағы жүре тояды.
***
Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
***
Баталы құл арымайды,
Батасыз құл жарымайды.
***
Батыр ұлды жауыр етпе,
Жүйрік арқасын жара етпе.
***
Беде ексең, мал семіз,
Егін ексең, ел семіз.
***
Бойдақ жігіт қыз келсе семіреді.
***
Борсық ұрған сайын семіреді.
***
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
***
Бота ойнақтаса
Молшылыққа.
Тайлақ ойнақтаса
Тоқшылыққа.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жоқшылыққа.
***
Бөденеде үй болмайды,
Шын жүйрікте күй болмайды.
***
Бөрі арығын білдірмейді.
***
Бөрі арығын білдірмес,
Итке жүнін қампайтар.
***
Бұқа буға, азбан дуға семіреді.
***
Бұқа буға семіреді,
Азбан дуға семіреді.
***
Бұқа буға семіреді,
Қайғысыз суға семіреді.
***
Бұқа буға семіреді,
Тентек дауға семіреді,
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Бұқарда пұлы бардың көңілі тоқ.
***
Бұқасы арықтың сиыры қысыр,
Айғыры арықтың үйірі қысыр.
***
Бүркіт аш болса, алады,
Тазы тоқ болса, алады.
***
Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Біліммен жанын семіртер.
***
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.
***
Бір аштықтың бір тоқтығы бар.
***
Бір аштың бір тоқтығы бар.
***
Бір аштың бір тоқтығы болады,
Бір тоқтың бір жоқтығы болады.
***
Бір киікті бір тау аш қылмайды.
***
Бір күн ашыққаннан
Қырық күн ақыл сұрама.
***
Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.
***
Бір сапар ат арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.
***
Бір тау бір киікті ашықтырмайды.
***
Бір тауды жайлаған бір киік аш болмайды.
***
Бір тойған аштықты ұмытады.
***
Бір тойған екі күн тоқ жүреді.
***
Бір тойынның басы ауырды екен деп,
Барлық тойынның басы ауырмайды.
***
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
***
Бір үй аш болса, ауыл аш,
Ауыл аш болса, аймақ аш.

maqal-matel.kz