Бай мейірімінен күн мейірімі жақсы.
***
Бай менен жарлының арасы ауа менен жердей.
***
Бақ қонса, көкке ұшасың,
Бақ кетсе, жер құшасың.
***
Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.
***
Бақыт сандықта, кілтпен ашасың,
Кілті аспанда, өнермен ұшасың.
***
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
***
Бармақтай бағы болса,
Бағы көкке ұшады.
***
Басқа жердің айынан
Өзіміздің жұлдызымыз жарық болсын.
***
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың.
***
Батар күннің атар таңы бар.
***
Бәйтерек басын күн шалса,
Көлеңкесі жердікі.
Артық туған ақылды
Өмір бойы елдікі.
***
Бәрінің де біреуі жарық жұлдыз.
***
Бес жұлдыз туса,
Бер де құтыл.
***
Бесті бураның күні күркірейді.
***
Бөріктің құндызына қарама,
Маңдайының жұлдызына қара.
***
Бұлт – ала,
Жау – шала.
***
Бұлт – ала, жер – шола.
***
Бұлт асқан тауды биік деме.
***
Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.
***
Бұлт бірігіп жерге жаңбыр құяды,
Көп бірігіп көлді шөлге құяды.
***
Бұлт жаумайды,
Бұйрық жауады.
***
Бұлт жаумас,
Бұйрық жауар.
***
Бұлт көтерілсе, бағбан бағын ойлайды.
***
Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.
***
Бұлт та бұйрықпен жауады.
***
Бұлт шығып, жаңбыр жаумай елді алдайды,
Әйелдің ғайлакері ерді алдайды.
***
Бұлттан шыққан күн ашты,
Бұзық адамның тілі ашты.
***
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман әйелдің тілі ащы.
***
Бұлттан шыққан күн ашты,
Жаманнан шыққан сөз ашты.
***
Бұлттан шыққан күн ыстық,
Күңнен туған ұл ыстық.
***
Бұлтты күні күң таяқ жейді.
***
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
***
Білім көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Бір аяғым жерде,
Бір аяғым көкте.
maqal-matel.kz
