А

Асыққан – ақылдының ісі емес,
Жүгіргеннің ішегі көгермейді.

Асыққан алмас, бұйырған алар.

Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.

Асыққан етегіне сүрінеді.

Асыққан жетпейді,
Бұйырған кетпейді.

Асыққан жетпес,
Бұйырған кетпес.

Асыққан жолаушы
Атына теріс мінеді.

Асыққан кісі зиянға келер,
асықпаған арбамен қоян алар.

Асыққан қалар ұятқа,
Сақтанған жетер мұратқа.

Асыққан ойына жетпес.

Асыққан тез ариды,
Жүгіріп жол алмас болар.

Асыққан тез шаршайды.

Асыққан ұятқа қалар.

Асыққан үйрек көтінен сүңгиді.

Асыққан шайтанның ісі.

Асыққан іс кешігер.

Асыққан ісі зиянға кетер.

Асыққан іс – шайтанның ісі.

Асыққан ісін бітірмес,
ақылды жігіт атын жітірмес.

Асыққан ісін бітірмес,
Ақылды ер атын жетермес.

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Асықпа қарға,
Түсерсің қолға.

Асықпа, қарға,
Түсерсің торға.

Асықпа, тойға барарсың,
Өлеңші болсаң, жеңерсің,
Палуан болсаң, жығарсың.

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

Асықпаған нәрін жейді,
Асыққан зәрін жейді.

Асықпай жүрсең, алға басарсың,
Тынбай жүрсең, белден асарсың.

Асықпай күткен сабырлы,
Молшылық болса, тойғанша ішер.

Асықпай, істі байқап ал.

Аулыққан – асыққан қыз ерге жалшымас.

Аш асығыс,
Тоқ тыныш.

Ашу асыққанда ақыл басу айтар.

Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.

maqal-matel.kz