А

Ағайынның азғанын өзі білмес, жат білер.
Артқы айылдың батқанын иесі білмес, ат білер.
***
Ағайынның азғанын,
Өзі білмес, жат білер.
Қапталдықтың батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
***
Ағаш атқа жіп құйысқан.
***
Ағаш қамшы көп болар,
Аттанар күні жоқ болар.
***
Адам алға баса алмас,
Балалықты тастамай.
Шалға бермес бала бар,
Мінгенімен ашамай.
***
Адам болатын бала,
Қонақтың шылбырына оралады.
***
Адам ғұмыры қамшы сабындай қысқа.
***
Адамды азық арытады,
Атты қазық арытады.
***
Адамның тізгіні – ақылы.
***
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
***
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйырығы қамшыдай,
Бура сойған не сұмдық!
***
Айқайдан шыққан ақ бөкен,
Қашып қайда құтылар, —
Құрулы қақпан жатқан соң?
Жылқыдан шыққан қашаған,
Қашып қайда құтылар, —
Мойнына бұғау атқан соң?
***
Айқас аяқталмай, атыңның ерін алма.
***
Айтар сөзге тұшынғаның –
Ноқтаға басты ұсынғаның.
***
Айтқызып істеген істің іске сәндігі жоқ,
Қамшылатып шапқан жүйріктің жүйрікке сәндігі жоқ.
***
Айтсаң сөз өтпес,
Айдасаң қамшы өтпес.
***
Айттырған – жаманның ісі,
Қамшылатқан – шабанның ісі.
***
Айтып сөз өтпейді,
Айдап қамшы өтпейді.
***
Айыл болмаса, ер тұрмайды,
Өрімші болмаса, тер тұрмайды.
***
Айыл мықты болғанмен,
Құйысқанға жетпейді.
Кескілесіп кеткенмен,
Туысқанға жетпейді.
***
Айылын тарта алмайтынға ат міңгізбе.
***
Айылын тарта алмағанға ат беріпті
***
Айылын тарта алмасқа ат берме
***
Айылың құйысқандай болса,
Алашың туысқандай болсын.
***
Айрылайын деген дос
Ердің артқы қасын сұрайды.
***
Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
***
Айырылар тамыр ердің артқы қасын сұрайды.
***
Айырылатын тамыр
Ердің артқы қасын сұрайды.
***
Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды.
***
Ақсақ атқа – алтын таға.
***
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды әйел ішінде
Алтын бесікті ұл жатар.
***
Ақылсыз жігіт аптығар,
Арыс жауды жеңгендей.
Айласыз келін шаптығар,
Айғыр бол деп бергендей.
***
Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз асау.
***
Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат.
***
Ақымаққа арқан көрсетсең, асылып өледі.
***
Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.
***
Ақымақтың тізгіні – құлағы,
Ақылдының тізгіні – көңілі.
***
Ақымақтың тізгіні –
Құлағында болады.
Ақылдының тізгіні –
Кеудесінде болады.
***
Ала арқан кеспей арылмас.
***
Алғаш атыңды тұсаула,
Кейін Құдайға тапсыр.
***
Алдыңғы айылдың батқанын,
Иесі білмес ат білер.
***
Алдыңғы айылдың батқанын, иесі білмес ат білер,
Азаматтың қадірін, ағайын емес жат білер.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы қария тізгінін ұстар.
***
Алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы
***
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ.
***
Алтынды ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ,
Ағайының атыңа тисе, аманыңда жөніңді тап.
***
Алыпқашпа сөзде ауыздық болмас.
***
Ант ұрғанның ер-тұрманы оңбас.
***
Аңға айла,
Жылқыға құрық.
***
Арамдықтың арқаны қысқа.
***
Арғымақ арыды деп жолға тастама,
Құлыны жоқ деп ерді жерге тастама.
***
Арғымақ атқа алтын қасты ер керек.
***
Арғымақ атқа – алтын қасты ер керек:
Арқалап отын тасыған,
Арқасы терге сасыған.
***
Арғымақ атқа алтын тасты ер керек.
Ажарлы әйелге алтын басты ер керек.
***
Арғымаққа жел қамшы.
***
Арқаға ердің батқанын иесі емес, ат біледі,
Ағайынның азғанын азамат емес, жат біледі.
***
Арқан бойы жолдың тұсау бойы төтелігі бар.
***
Арқан жаман болса, ат қашады.
***
Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.
***
Арқандағы ат қазығына оралар.
***
Арқандап баққан ат арық.
***
Арқандаулы аттан, тұсаулы ат
Су сұрамас болар.
***
Арқандаулы атың – өз атың,
Тұсаулы атың – бос атың.
***
Арқанды ат қазығына оралар.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің қысқасы жақсы.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Сөздің қысқасы жақсы.
***
Арқанның ұзыны, тұсаудың қысқасы жақсы
***
Арқансыз жылқышы – ерін жаяу арқалайды
***
Арқасына ер батқан ат аяңшыл келеді.
***
Арпаң болса, атқа қамшының керегі не?
***
Артқы айыл берік болса,
Атың тулап нетеді.
***
Артқы айылдың батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
Ағайынның азғанын,
Жақыны білмес, жат білер.
***
Артқы айылдың кеткенін иесі білмес, ат білер.
Ағайынның азғанын туыс білмес, жат білер.
***
Артқы айылым берік болса,
Атым тулап нетерсің?
Ағайында бірлік болса,
Жатым маған нетерсің?
***
Артқы айылың мықты болса,
Атың тулап не істейді?
***
Артқы қастың батқанын
Қаптал білмес, ат білер.
***
Арыған ат ауыздығын да ауырсынар.
***
Арық атқа алтын жүген жараспас,
Салдақы қатынға сылқымдық жараспас.
***
Арық атқа қамшы ауыр.
***
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
***
Арық атқа қамшы ойнар,
Жыртық үйге тамшы ойнар.
***
Арық атқа қамшы үйір,
Жыртық үйге тамшы үйір.
***
Асау атты таға тоқтатады.
***
Асауға ноқта,
Жүйрікке – тұмар.
***
Асауға – тұсау.
***
Асыл темір атқа таға болмас.
***
Ат айланып қазығын табар.
***
Ат айланып қазығын табар,
Ер айланып жазығын табар.
***
Ат арқасына ер батса, аяңшыл болады.
***
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл болады.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
***
Ат аяғын тағалар.
***
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
***
Ат басына күн туса,
Айыл, тұрман садаға;
Ер басына күн туса,
Бастан құлақ садаға.
***
Ат мінсең, еріңді сайла,
Егін ексең, келіңді сайла.
***
Ат өлсе – ер-тоқым үйіледі,
Құс өлсе – тұғыры күйінеді.
***
Ат тапсаң, еріңді сайла,
Қысырақ салсаң, желіңді сайла.
***
Ат тұсаусыз болмас,
Адам дұспансыз болмас.
***
Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса,
Айыл-тұрман тағынар.
***
Атасы басқаны Құдай қосады,
Үйірі басқаны ноқта қосады.
***
Атдорба түбін жаламай,
Ат тойламайды.
***
Атқа алтын таға тағаласа,
Есек аяғын көтеріпті.
***
Атқа жаның ашыса,
Артқы айылды қатты тарт.
***
Аттан айрылсаң да,
Ер-тоқымынан айрылма.
***
Аттан бұрын ер тап.
***
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
***
Атты қамшымен айдама,
Талмасын десең, жеммен айда.
***
Атты қамшыменен айдасаң,
Жаяу қаларсың.
***
Атты қамшыменен жүргізбе, баппен жүргіз.
***
Атты қамшымен ұрып секірте алғаныңмен,
Семірте алмайсың.
***
Атты тағаласаң,
Есек аяғын көтереді.
***
Аттың басын ноқталап байла.
***
Атына қарай – тұрманы.
Егініне қарай – қырманы.
***
Атына қарай тұрманы,
Еңбегіне қарай қырманы.
***
Атың тайғақ болса,
Ақ текенің мүйізімен тағала.
Заманың тайғақ болса,
Бір жақсыны сағала.
***
Атың арық болса, жерден көрме,
Атың жауыр болса, ерден көрме.
***
Атыңа батса алтын ер,
Атып ұр да, отқа жақ.
***
Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.
***
Атыңды тасқа арқандап, Тәңірге жыла.
***
Атыңнан айырылсаң да, еріңнен айырылма.
***
Атыңнан айрылсаң да,
Ер-тоқымыңнан айрылма.
Қатыныңнан айрылсаң да,
Қазан-ошағыңнан айрылма.
Қазан-ошағыңнан айрылсаң да,
Халқыңнан айрылма!
***
Атыңның басын алыпсың да,
Жорғасы қалып па?
Атыңның жемін таусыпсың да,
Дорбасы қалып па?
***
Аузың өкпеде болсын,
Қолың ноқтада болсын.
***
Ауылыңда қария болса,
Жазулы хатпен тең.
Айналаңда төбе болса,
Ерттеулі атпен тең.
***
Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
***
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыстан соққан шүйенің дағы кетпес.
***
Аюды ноқталап мініп,
Қойдың қозысынан шошыпты.
***
Аяғы – ат, қолы – қамшы.

maqal-matel.kz