Ә

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
***
Әке – ақылшы да, айбар, қормал да қорған.
Әкең болса, тозбайды айыл-тұрман.
***
Әкесі жаңа ер алса,
Ескі ері баласына қалады.
***
Әумері зақым жылқы бақсын,
Үзеңгісін ұзын тақсын,
Құрығын майдай жақсын,
Аманатын шөптей қақсын.

maqal-matel.kz