Ә

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
***
Әдепті келін – ауылдың көркі.
***
Әйел шәйпау болмай,
ер жалғыз қонбас.
***
Әке сені ер болсын дейді,
Маңайыңа ел қонсын дейді.
***
Әкең мұрап болғанша,
Отырған жерің ой болсын.
***
Әкесі жаңа жұртқа белгі салмай кетсе,
Балалары ескі жұртқа таласады.
***
Әр ауылдың бір адырақпайы бар.
***
Әр түлкінің өрісі басқа,
Әр ауылдың қонысы басқа.
***
Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.
***
Әуелгі қыстау – жердің құты,
Әуелгі әйел – ердің құты.
***
Әуелі отыңның басын біл,
Онан соң ауылыңды біл.
Онан соң аймағыңды біл.
***
Әулие көршісін қолдар.

maqal-matel.kz