А

Абиырлы жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылсын.
***
Абырой – ар еңбегі.
***
Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.
***
Абырой табам десең, кемтар бол.
***
Абыройлы боламын десең,
Өз жұмысыңның ұстасы бол.
***
Абыройлы жігітке
Ажалды қоян жолығады.
***
Абыройын айрандай төгіп.
***
Ағаш еккеннің аты қалар.
***
Адал еңбектің абыройы жоғары.
***
Адам ақылымен көрікті,
Ер халқымен даңқты.
***
Адам деген ат – адамға лайық.
***
Адам емес, мәңгі өлмейтін – атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
***
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
***
Адам өз атын кісілікпен көтереді.
***
Адам өтеді, игі аты қалады.
***
Адамгершілік абырой алып береді.
***
Адамға тілене беру – ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
***
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен – ас жоқ.
***
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
***
Ақиқат жолында азап шеккен абырой.
***
Ақсұңқар атқа ғашық,
Күйкентай жемге ғашық.
***
Ақыл – ауыздан, мерей – сөзден.
***
Ақылдылық жақсы атқа қалдыруды тілейді.
***
Ақымақтың аты шықса,
Әр төбеде бір із қалдырар.
***
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
***
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
***
Алған деген ат болды,
Қалған көңіл дақ болды.
***
Алдамшы балшы болғанша,
Абыройлы жалшы бол.
***
Алтыға алып, беске сат,
Атың шықсын саудагер.
***
Алыста таудың даңқы бар,
Қасына келсең обадай.
Алыста ердің даңқы бар,
Қасына келсең баладай.
***
Алыстан ердің дарпы бар,
Қасына келсең, баладай.
Алыстан таудың дарпы бар,
Қасына келсең, обадай.
***
Аман ердің аты шығады.
***
Анамды жақсы көргендіктен
Келісін түйдім.
Ауылымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.
***
Ат атандырып, сүйек сындырма.
***
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың
Туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
***
Ат қалдыру туралы ғой әңгіме,
Адам емес, аты өлмейді мәңгіге.
***
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
***
Ата даңқымен қыз өтеді,
Саудагер даңқымен бөз өтеді.
***
Атағы шыққан өлмейді,
Есте қалмаған өледі.
***
Атағың шықпаса, жер өрте.
***
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
***
Атақ азаматтікі,
Билік әділдікі.
***
Атақ бермегенді базар береді.
***
Атаққұмарлықтан аулақ бол,
Халықтың перзентінен талабы сол.
***
Атақсыз ұры бие байлап,
Атақты ұры аштан өліпті.
***
Атақты ұры аш жүргенде,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Атаққұмар – азар,
Білімқұмар – озар.
***
Атаның аты мен орны балаға қалады.
***
Атасыздың аты шықса,
Асу сайын із салар.
***
Аттан жығылғаннан
Атақтан жығылған жаман.
***
Аттың атағы үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
***
Аттың аты үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
***
Аттың атын шығаратын төрт тұяғы,
Адамның атын шығаратын тіл мен жағы.
***
Аты аталмаған жігіттен,
Аты аталған төбе артық.
***
Аты атанбаған жігіттен
Аты атанған төбе артық.
***
Аты жақсымен жолдас болсаң,
Мұратқа жетерсің.
Жаманмен жолдас болсаң,
Ұятқа кетерсің.
Өзің көріп, ойланғын,
Көрсеттім жолдың төтесін.
***
Аты жаманда әруақ болмайды,
Киімі жаманда абырой болмайды.
***
Аты қалған ер өлмейді.
***
Аты шыққан төбеге бөрі басты болса, тәуіп ет.
***
Аты шықпаған жігіттен,
Аты шыққан дөң артық.
***
Атым шықсын десең, асыңды аяма.
***
Атым шықсын десең, жомарт бол.
***
Атымды атап, сыбағамды итке сал.
***
Атымды шығарам десең, асыңды сайла.
***
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
***
Атын ата да, итке таста.
***
Атын ата да, сыбағасын итке сал.
***
Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.
***
Атың шықпаса, жер өрте.

maqal-matel.kz