Әдепті бала
Ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
***
Әйелді жаман десең, анаң оның ішінде.
***
Әке – ақылшы да, айбар, қормал да қорған.
Әкең болса, тозбайды айыл-тұрман.
***
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ.
***
Әке – балаға қарыз,
Бала – далаға қарыз.
***
Әке балаға сыншы, өзі өлшем емес.
***
Әке баланы мирасым дейді,
Артымды құрасын дейді.
***
Әке болу – табиғат заңы,
Әкелік борыш атқару – адамгершілік заңы.
***
Әке деген айтарға,
Шеше жолы бір басқа.
***
Әке достығынан Отан достығы күшті.
***
Әке – жезде, ана – қазына.
***
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
***
Әке көрген ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
***
Әке – майыссаң тіреу, сүрінсең сүйеу.
***
Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
***
Әке сені ер болсын дейді,
Маңайыңа ел қонсын дейді.
***
Әке сөзі – оқ,
Шеше сөзі – боқ.
***
Әке тұрғанда ұл ержетпейді.
***
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
***
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без.
***
Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
***
Әке үміті сенде,
Тапсырады сені елге.
***
Әке-шешесіне жаман сөз айтқан
кісіні өлтіруге тиісті.
***
Әке ырысты болса,
Әуелі ұл табады.
***
Әкеге баланың алалығы жоқ.
***
Әкеге қарап ұл туар.
***
Әкеге тартып ұл тумайды,
Шешеге тартып қыз тумайды.
***
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.
***
Әкеден алты батпан артық тудым десе,
Жеті батпан жетпей туады.
***
Әкеден бала үшеу туады.
***
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
***
Әкелі жетім – арсыз жетім,
Шешелі жетім – ерке жетім.
***
Әкелі жетім – арсыз жетім,
Шешелі жетім – жетім.
***
Әкелі ұлдың кісесі басқа.
***
Әкем өлгені маған жақсы,
Көпшігі көтіме жақсы.
***
Әкем өлсе де, өлгенім жоқ.
***
Әкем соқса, шешеме қорғалаймын,
Шешем соқса, әкеме қорғалаймын.
***
Әкемде болғанша,
Алғанымда болсын.
***
Әкемді алсаң ал, шешемді қой,
Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой.
***
Әкемнің өлерін білсем,
Кебекке сатып жер едім.
***
Әкемнің өлерін білсем,
Өзбекке сатпас па едім.
***
Әкемнің шоты аса-аса тиеді.
***
Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая.
***
Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ.
***
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
***
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
***
Әкең алпысқа келсе, қойшы алма.
***
Әкең бермегенді базар береді.
***
Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.
***
Әкең көк басы болғанша,
Үйің көмейде болсын.
***
Әкең қартайса, малшыға,
Шешең қартайса, жалшыға жарисың.
***
Әкең мұрап болғанша,
Отырған жерің ой болсын.
***
Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
***
Әкеңе игілік етсең,
Балаңнан соны күт, қартым.
***
Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.
***
Әкеңді өлтіргенге шешеңді бер.
***
Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын.
***
Әкесі баласына кінәлай да қарайды,
Сыналай да қарайды.
***
Әкесі бардың білісі бар.
***
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Әкесі ет жасағыштың
Баласы ет асағыш келеді.
***
Әкесі жаңа ер алса,
Ескі ері баласына қалады.
***
Әкесі көрмегенді – ұлы көрер,
Шешесі көрмегенді – қызы көрер.
***
Әкесі қой баға білмегеннің
Баласы қозы баға білмейді.
***
Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
***
Әкесі өлгенді де естіртеді.
***
Әкесіз бала – панасыз,
Құлыпсыз есік – панасыз.
***
Әкесіз жетім – гүл жетім,
Шешесіз жетім – сұм жетім.
***
Әкесін сыйламаған кісі баласын сыйламайды.
***
Әкесін сыйламаған
кісіні баласы сыйламайды.
***
Әкесін сыйламағанның баласы сыйламайды.
***
Әкесінің ақшасымен үйленген
Әйелінің қадірін білмейді.
***
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
maqal-matel.kz
