Абырой табам десең, кемтар бол.
***
Ағайын барында,
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
***
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
***
Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмашылдың туысы мол.
***
Адам ақылымен бай,
Жер дақылымен бай.
***
Адам арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.
***
Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.
***
Адам күш жұмсап бай бола алмайды,
Арыз айтып бек бола алмайды.
***
Адам мен адам
Тоқшылықта бір кездеседі,
Жоқшылықта бір кездеседі.
***
Адамды мүлік бұзады.
***
Адамды тарлық
Шынықтырады.
Адамгершілікті барлық
Ұмыттырады.
***
Адамның байыған сайын жетпегені молаймақ,
Керегі таусылмас.
***
Адал дос – сәулетің
Асыл жар – дәулетің.
***
Адал жар – асыл қазына.
***
Адым жерде олжа бар,
Адам бар жерде пәле бар.
***
Адырында арқар көп,
Адамында дарқан көп.
***
Ажалдан ақша беріп құтылмайсың.
***
Аз тапсаң да, алал тап.
***
Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.
***
Азын ашпай, жарлы өлер,
Көбін ашпай, бай өлер.
***
Азын ішпей, жарлы өлер,
Көбін ішпей, бай өлер.
***
Аймен келер тоқтықтан,
Айман кетер жоқтықтан.
***
Ақ жүзің де айнадай, перде болса,
Құл құтырар, төсегін төрге салса.
Жігітім кедей болса, сөз айта алмас,
Қылышынан қан тамған ер де болса.
***
Ақша байлығы көргенше,
Ақыл байлығы өлгенше.
***
Ақша жүрген жерде әділдікке де,
Адалдыққа да орын жоқ.
***
Ақша сіздікі,
Мал біздікі.
***
Ақшаға арыстан сүті де табылар.
***
Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.
***
Ақшаны жерден тапсаң да, санап ал.
***
Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.
***
Ақшасы бардың өзі ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.
***
Ақшасыз базарға барғанша,
Кебінсіз көрге кір.
***
Ақшасыздың қолы келте,
Жалқаулардың тоны келте.
***
Ақы – арсыз, бай – қырсыз.
***
Ақыл – аздырмайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақыл ауыс, ырыс жұғыс.
***
Ақыл ауысады,
Ырыс жұғысады.
***
Ақыл байлық – азбас байлық.
***
Ақыл байлық – азбас байлық,
Темір байлық – тозбас байлық,
Кен байлық – кең байлық.
***
Ақыл байлық – тозбас байлық.
***
Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
***
Ақыл – дария,
Алсаң да, таусылмайды.
Жер – қазына,
Саусаң да, таусылмайды.
***
Ақыл – дария, жер – қазына.
***
Ақыл-қайла болмайды тек жарлыда.
***
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақылдан артық байлық жоқ.
***
Ақылдының белгісі:
Байыса аспайды,
Дәрежесіне таспайды.
***
Ақылсыз бай ішпей-жемей мал жияды,
Ақылсыз кедей еңбек қылмай шалжияды.
***
Ақымаққа жалмаң қылма, малы бар деп,
Есекті тұлпар деме, жалы бар деп.
***
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,
Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
***
Ақырғы бай аштан өледі.
***
Ақыры байдың түбі аштан өледі.
***
Ақырын жүрсең, бай тергейді,
Ағызып жүрсең, ат терлейді.
***
Алғашқы байдың азасын
Соңғы бай берер сазасын.
***
Алмақтың салмағы бар.
***
Алтын-күміс жиған – бай емес, сөз білген адам – бай.
***
Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.
***
Алыстағы аз несібеден сақта.
***
Аңшы мүшелес, бай кіселес.
***
Арақ намыс пен арыңды құртар,
Үйіңдегі барыңды құртар.
***
Арам, арам түбі – реніш,
Адал, адал түбі – кеніш.
***
Араммен тапқан тілләдан,
Адалдан тапқан тиын артық.
***
Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
***
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
***
Арғымақ мойнын оқ тесер,
Азамат мойнын жоқ кесер.
***
Арғымаққа жал бітпей, сән бітпейді,
Ер жігітке мал бітпей, әл бітпейді.
***
Арғымаққа мінген байлардың,
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің,
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның,
Елге мұқтаж күні бар.
***
Арзан мүлік сатып алатын бай емеспіз.
***
Арқасы бүтін атқа арықтық жоқ,
Борышсыз жігітке кедейлік жоқ.
***
Артық байлық аздырар,
артық күлкі тоздырар.
***
Артық байлық адамды аздырады,
Артық күлкі жиреніш тудырады.
***
Артық дәулет басқа бейнет.
***
Арық атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман кісіге мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас,
Қондырса да оңдырмас.
***
Аса пайда пайда етпес,
Пайда етсе де бай жетпес.
***
Аспаннан шұға жауса,
Кедейге шұлғаулық та тимепті.
***
Асып-тасқан байлықты
Құдай да қостамайды.
***
Ат жалдыға, кеп малды да.
***
Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын.
***
Ата байлығыңды айтпа,
Қазіргі байлығыңды айт.
***
Ат аунаған жерде түк қалар,
Ер аунаған жерде құт қалар.
***
Ат жақсысы керуеннен түседі,
Зат жақсысы жарлыдан түседі.
***
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
***
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.
***
Атаң алты мың қой айдаса да,
Өзіңде біреу жоқ болса, жарлысың.
***
Ататекке қарамай,
Ақшаға қазақ сатылар.
Тексізден қойған биіңіз
Жұртқа тырнақ батырар.
***
Атсыздың атасының құны кетеді,
Жалғыз-жарым ырысы кетеді.
***
Аттының несібесі алтау,
Жаяудың несібесі жалқы.
***
Аты бардың қанаты бар,
Ұлы бардың дәулеті бар.
***
Аты бардың тынысы бар,
Асы бардың ырысы бар.
***
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
***
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
***
Аузыңды қу шөппен сүрте берме,
Есектің к…н жу да, мал тап.
***
Ауру – далбас, жоқ – сандал.
***
Ауру жаннан үміткер,
Жарлы малдан үміткер.
***
Ауру қатын, бұзық самауар ерді байытпайды.
***
Ауру өлгенше жанынан дәмелі,
Бай өлгенше малынан дәмелі.
***
Ауылдан шыққан күнде,
Байға қонба, сайға қон.
***
Ауылдан шыққан күні,
байға қонба, сайға қон,
бай пәле болады, сай пана болады.
***
Ауылдан шықсаң,
Көбең байға қонба, сайға қон.
***
Ауыр жолды нар жеңеді,
Ауыр істі бар жеңеді.
***
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді.
***
Ауырса, кім азбайды,
Жарлы болса, кім тозбайды.
***
Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар.
***
Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.
***
Ашушаңның анты болмайды,
Сабырсызға дәулет қонбайды.
maqal-matel.kz
