Ақ қойымның асығы болсаң, ақ сөйле.
***
Ақылы жоқ ақымақтан,
Тоқпақ ұрған бақсы артық.
***
Алас-аласқа да от керек.
***
Алдамшы балшы болғанша,
Абыройлы жалшы бол.
***
Алыстағы әулиеден жуықтағы машайық артық.
***
Алысты жақын қылған ат әулие,
Алашты жақын қылған қыз әулие.
***
Ас артындағы насыбай,
Әулиенің асындай.
***
Ат үсті – әулие.
***
Ауру азайса, тәуіп ауырады.
***
Ауруға емші көп.
***
Аурудың емі табылса,
Тәуіп өз аяғымен келер.
***
Ауруыңды өткізіп алсаң, тәуіпке өкпелеме.
maqal-matel.kz
