Б

Бақсы бақсыны көре алмайды,
Жақсы жақсыны көре алмайды.
***
Бақсы бар жерде жақсы бар.
***
Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.
***
Бақсыға барма, басынан кешкенге бар.
***
Бақсыға ісің түспесін,
Қалыңға құсың түспесін.
***
Бақсының емі өзіне қонбайды.
***
Бақсының жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
***
Бақыл әулие болмас,
Әулие бақыл болмас.
***
Балшыға барма,
Басыңды қайғыға салма.
***
Балық пенен бақаның тілі бір,
Құмалақшы мен бақсының жөні бір.
***
Басы ауырған бақсы-балгерге тоймайды.
***
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
***
Басың ауырса, бақсы ізде.
***
Басың ауырса, палшы ізде.
***
Басыңа пәле келсе,
Жақсыға ісің түседі.
Басыңа кесел келсе,
Бақсыға ісің түседі.
***
Батыр түбі бақсы болар.
***
Бір ел өңкей жақсы болмас,
Жыны жоқ адам бақсы болмас.

maqal-matel.kz