Байдан жұғар, балдан тамар.
***
Байдан табылар,
Балдан тамар.
***
Бал айнымас,
Айныса да, шірімес.
***
«Бал», «Бал» дегенмен аузы дәмді болмас.
***
Бал қайда болса, ара сонда.
***
Бал тамған тілден у тамар.
***
Бал татқан бармағын жалар.
***
Бал татыған балық сорпасын ішпеген басым,
Қоңырсыған қой сорпасын іштім.
***
Бал тәтті деп бармақ жұтпа.
***
Бал ұстаған бармағын жалайды.
***
Бал болса, ара Бағдаттан да келеді.
***
Бала баққанша ара бақ.
***
Бала – жүрек, бала – бал.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Баламның баласы,
Балдан тәтті анасы.
***
Баланың баласы балдан тәтті.
***
Балдыз – балдан шырын.
***
Балдыздікі балдан тәтті,
Дәмін татсаң, жалдан қатты.
***
Бардан ауысады,
Балдан жұғысады.
***
Бардан жұғады,
Балдан тамады.
***
Балды да болма,
Балсыз да болма.
***
Балменен де болма,
Балсыз да болма.
***
Барлығы да тілден:
Тіл – бал, тіл – ажал.
***
Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
maqal-matel.kz
