А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
Аға –
Еңбекпен көркем.
Бала –
Біліммен көркем.
Ағадағы мал – аспандағы мал,
Інідегі мал – ін түбіндегі мал,
Баладағы мал – даладағы мал.
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Ағайынның қадірін,
Жалалы болсаң, білерсің,
Ата-ананың қадірін,
Балалы болсаң, білерсің.
Адал ұл оздырады,
Жаман ұл тоздырады.
Адам алға баса алмас,
Балалықты тастамай.
Шалға бермес бала бар,
Мінгенімен ашамай.
Адам аяғының тұзағы – бала-шаға.
Адам баласы – тоғым,
Жылқы баласы – соғым.
Адам болар азамат ұланынан белгілі,
Бәйге алатын жүйрік құнанынан белгілі.
Адам болар бала қонаққа үйір,
Ат болар тай саяққа үйір.
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар.
Адам болатын бала бекімінен,
Ат болатын құлын кекілінен.
Адам болатын баланы сөзінен біл,
Ат болатын құлынды көзінен біл.
Адам болатын баланың сөзіне қара,
Ат болатын құлынның көзіне қара.
Адамның бала – жаны, мал – иманы.
Адамның баласы асатпай жемейді,
Көргенсіздің баласы көріп отырса да,
«мә» демейді.
Адамның досы да, дұшпаны да –
Қатын-бала мен мал.
Азымтал болса, атың – жау,
Тіл алмаса, қатын – жау,
Ұрысқақ болса, ұлың – жау,
Керіскек болса, келін – жау,
Қылықсыз болса, қызың – жау.
Азын-шоғын ағалық,
Аз оқыған молдалық,
Ата ұлына керек-ті.
Айғырыңды мінгенің –
Биенің қысыр қалғаны.
Немеренің ақылы –
Еңбегіңнің жанғаны.
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
Ақ шашты ана:
«Жастығым – балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім – анам» дейді.
Ақсұңқардың баласа,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.
Ақылды бала сабаққа үйір,
Ақымақ бала тамаққа үйір.
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды әйел ішінде
Алтын бесікті ұл жатар.
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
Ақылды ұл білім іздер,
Ақылсыз ұл шылым іздер.
Ақылды үйленгенше,
Ақымақтың баласы ержетеді.
Ақылсыз үлкеннен
Ақылды бала артық.
Ақылы жоқ шалдан
Бесіктегі бала артық.
Қайырымы жоқ ұлыңнан,
Астыңа мінген ат артық.
Ақын болатын бала,
Атқа әуес,
Әкім болатын бала,
Таққа әуес.
Алғаның жақсы болса – абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса – дүниенің пырағы.
Балаң жақсы болса – екі көздің шам-шырағы!
Алпыстан кейін шал ерке,
Алтыға дейін бала ерке.
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.
Алты жасар бала атқа мінсе,
алпыстағы шал сәлем берер.
Алты жасар бала жолдан келсе,
алпыстағы шал алдынан шығар.
Алтыдағы бала атқа мінсе,
Алпыстағы ата алдынан шығады.
Алыста таудың даңқы бар,
Қасына келсең обадай.
Алыста ердің даңқы бар,
Қасына келсең баладай.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы қарт шығып атын байлар.
Алыстан ердің дарпы бар,
Қасына келсең, баладай.
Алыстан таудың дарпы бар,
Қасына келсең, обадай.
Ана – дала, бала – гүл,
ананың анасы қара жер.
Ана көркі –
Алдындағы баласы.
Қала көркі –
Үйі, орман, ағашы.
Анаға тартып қыз туа бермес,
Атаға тартып ұл туа бермес.
Анаға ішінен шыққан соң,
Ұлан да бала, жылан да бала.
Аналы қыздың бақшасы басқа.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Анасы пысық – жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей – қат-қаттап қосып асар.
Анасын ембеген бала оңбайды,
Енесін ембеген мал оңбайды.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Аналы баланың өзі артық,
Анасыз баланың көзі артық.
Анадан алтау туғанша,
Жалғыз туса нетеді,
Елге тұлға болғалы;
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге айыр бұтақ бітсе, нетеді,
Құсқа тұғыр болғалы.
Ананың алақаны – балаға аялы қоныс.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасының киген тонын баласы да киеді.
Араға түссең балаға,
Бала кетер далаға.
Арамзалық ата ұлына пайда емес.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды,
хан – төренің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Арғымақтың баласы
Аз ғана оттап, көп жусар.
Азаматтың баласы
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар.
Арғымақтың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Хан-төренің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың баласы,
Арыса сыны қайтар ма?
Асыл заттың баласы,
Дұшпанға сырын айтар ма?
Артында баласы қалса –
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса –
Өзі қалды де.
Артыңа жаман жұраттан гөрі,
Жақсы сөз қалдыр.
Артыңа ұрпақ қалдыру – Құдайдың ісі,
Сөз бен іс қалдыру – өзіңнің ісің.
Аруаққа құрмет – ұрпаққа міндет.
Арыстандай атаны ұл қайырды,
Ақмаралдай шешені қыз қайырды.
Асығу – баланың ісі,
Аттандыру – ананың ісі.
Асыл ердің баласы,
аз сөйлер де көп тыңдар.
Асылдың тұқымы аз.
Ат бақты болса,
Артынан құнан туады.
Аға бақты болса,
Артынан ұлан туады.
Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
Ат болатын құлынның басы кез болады,
Адам болатын баланың аңдығаны сөз болады,
Қошқар болатын тоқтының тұмсығы дөң болады.
Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,
Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
Ат болатын құлынның мүшесінен,
Адам болар баланың кісесінен.
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың
Туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
Ат – құлыннан, батыр – баладан.
Ат ұстарың өзіңдей болсын.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.
Ата-ананың балаға парызы – әдеп-иба.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
Ата-ананың қадірін – балалы болғанда білерсің,
ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің,
жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің.
Ата-анаң бар болсын,
бала кезде жар болсын.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Ата – баланың қорғаны.
Ата балаға сыншы.
Ата баласы азарында,
Беті қотыр болар.
Ата баласының ат маңдайындай белгісі болсын.
Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.
Ата баласының ат төбеліндей белгісі бар.
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Ата деген баланы «жаным» десе жарасар,
Алты ұл тапқан қатынды «ханым» десе жарасар.
Ата жолы – бала жолы.
Ата кәсібі – бала нәсібі.
Ата өлсе, бала аман.
Ата өнері – балаға мұра.
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Атадан бала туар,
Ата жолын қуар.
Атадан бала батпан артық тудым десе,
Ширек кем туады.
Атадан бала тумас па,
Ата жолын қумас па.
Атадан бала ширек төмен туады.
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар.
Атадан жақсы ұл туса,
Мұз үстінен от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Түйе үстінен ит қабар.
Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын.
Атадан ұл туса еді,
Ата жолын қуса еді.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Анық достың қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Ата-анаң бар болсын,
Бала кезде жар болсын.
Ата – балаға сыншы.
Ата баласы азарында асық ойнайды.
Ата баласының ат меңіндей белгісі болады.
Ата баулыған бала епті,
Ана баулыған бала есті.
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Ата деген баланы
Жаным десе, жарасар.
Алты ұл тапқан ананы
Ханым десе, жарасар.
Ата өліп, бала қалса,
Мұратына жеткені.
Бала өліп, ата қалса,
Арманы іште кеткені.
Ата тұрып бала қалса, мұратына жеткені,
бала өліп ата қалса, арманы іште өлгені.
Ата тұрып, бала сөйлесе – шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе – еркіндігі.
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Ата тілін алмаған баладан без,
бала басу білмеген анадан без.
Атаға бала жеттім десе де,
Батпан ширек төмен болады.
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
Атадан алтау туғансын,
Шырағыңды бір-ақ балаң жандырар.
Атадан бала ширек кем туады.
Атаға бала жеттім десе де,
батпан ширек төмен болады.
Атадан жақсы ұл туған-ды,
Ата жолын қуған-ды.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке апарар.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Беліне садақ буса игі.
Бетіне келер ұятын
Өзі біліп жуса игі.
Өзі біліп жумаса,
Бәрінен де жоғы игі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Атадан ұл тумаса,
Ата жолын қумаса,
Тумағаны көп игі.
Атаққұмарлықтан аулақ бол,
Халықтың перзентінен талабы сол.
Аталы бала атқа мінер,
Шешелі бала шекпен киер.
Аталы баланың аузы ойнайды,
атасыз баланың көзі ойнайды.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Аталы ұл – қожалы ұл.
Атан өлсе, тайлақ бар,
Жүгі жерде қалмасқа.
Атаң өлсе, бала бар,
Орны қараң қалмасқа.
Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.
Атаның аты мен орны балаға қалады.
Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Атаның баласының ат төбеліндей ой белгісі болсын.
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әрі үйлі жанға ортақ.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Атаның орнын ұл басар.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Атаның тоны балаға жараса,
Ол атасын іздемейді.
Атаңа не келтірсең, алдыңа сол келер,
атаңа не қылсаң, балаң да соны қылар.
Атасы ащы алма жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алма жесе,
Ұлы мен қызының тісін қамар.
Атасы бек болғанның баласы тек болмайды.
Атасы бұлан атпаған,
Баласы құлан атпас.
Атасы бұлан атпағанның,
баласы құлан атпайды.
Атасы доңыз атпағанның
Баласы қоңыз атпайды.
Атасы жер жырта білмеген,
Баласы тұқым себе білмес.
Атасы жоқтың баласы жоқ.
Атасы затсыз болса, баласы ауға шықса,
Қазы алатын құсын қарғаға салады дейді.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Атасы татудың – баласы тату.
Атасыз ұлдың аузы үлкен.
Атасын құрметтеп тұрған баланың
Тілеген тілегі қабыл болады.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Аты бардың қанаты бар,
Ұлы бардың дәулеті бар.
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Балаң жаман болса, дарманың кетеді.
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді,
Үйге мейман келгенде бұға-бұға кетерсің.
Атың жаман болса, қарың кетеді.
Балаң жаман болса, арың кетеді.
Атың жаман болса, арманың кетер.
Балаң жаман болса, дәрменің кетер.
Алғаның жаман болса, келгенің кетер.
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Қатының жаман болса,
Жылай-жылай өмірің өтер.
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Аты-тоны сай кісі
Жиын тойға барысар,
Ұлы-қызы бар кісі
Құдалыққа барысар.
Атың жақсы болса – жалғанның пырағы,
Балаң жақсы болса – дүниенің шырағы,
Алғаның жақсы болса – мейманыңның тұрағы.
Атың жаман болса, бойыңнан дәрменің кетер,
Перзентің жаман болса, кеуіліңде арманың кетер,
Әйелің жаман болса, үйіңнен мейманың кетер.
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
Ауруға бала да мазасыз.
Ауылыңдағыны атадан сұра,
Үйдегіні баладан сұра.
Ауыр бала дегенше, ауру бала десеңші,
Момын бала дегенше, боғым бала десеңші.
Аш бала тоқ баладай ойнамайды,
Тоқ бала аш баланы ойламайды.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала «аш болам» деп ойламайды.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
тоқ бала еш нәрсені ойламайды.
Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.
Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болады,
Жауда туған баланың екі көзі таста болады.
Ашқарақ баланың көзі тамақта,
Ақылды баланың көзі сабақта.
Аю баласын жұмсағым дер,
Қарға баласын аппағым дер.
Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.
maqal-matel.kz
