Базарын біліп, мал сал,
Балығын біліп, ау сал.
***
Бақа батпағында,
Балық көлінде.
***
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
***
Бақаның тілін балық біледі.
***
Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.
***
Бал татыған балық сорпасын ішпеген басым,
Қоңырсыған қой сорпасын іштім.
***
Балақ түрілмей, балық тұтылмас.
***
Балығы бар өзеннің балдырынан шошыма.
***
Балығы болмаған көлі құрысын,
Киігі болмаған шөлі құрысын.
***
Балығы жоқ көл қысыр,
Басы жоқ гүл қысыр.
***
Балығынан болар ма,
Бақасынан болар ма.
***
Балық ала алмаған суды былғайды.
***
Балық ала алмаған суды ылайлайды.
***
Балық аулай алмаған суды лайлайды.
***
Балық байлығы – етек-жеңің кепкенше.
***
Балық басын алады,
Егін есесін алады.
***
Балық басынан, жаман аяғынан сасиды.
***
Балық басынан сасиды.
***
Балық басынан шіриді.
***
Балық бәсін алады,
Егін есесін алады.
***
Балық берсең, байлап бер,
Басын-көзін шайнап бер.
***
Балық жеген бағыспайды,
Жан-жағына қағыспайды.
***
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас.
***
Балық жеген «су, су» дер,
Қос айдаған «шу, шу» дер.
***
Балық жеген тоқ болар,
Дәрмені жоқ болар.
***
Балық жоқта бақа да балық.
***
Балық көті жылмағай.
***
Балық көті жылмағай,
Ұстаған көңілі тынбағай.
***
Балық өңешінен өткенді жейді.
***
Балық пенен бақаның тілі бір,
Құмалақшы мен бақсының жөні бір.
***
Балық – сақау,
Жұмыртқа – бітеу.
Қой аман,
Қасқыр тоқ.
***
Балық үндес, бақа тілдес.
***
Балыққа бата жоқ.
***
Балықта сүт болмайды,
Шабағын теңіз асырайды.
***
Балықта сүт жоқ,
Баласын су асырайды.
***
Балықты көлде балдыр көп,
Балдырды құртсаң, балық жоқ.
***
Балықты судан ізде,
Алтынды құмнан ізде.
***
Балықты терең билейді,
Адамды тұрмыс билейді.
***
Балықтың басы бір,
Қабыршағы жік-жік.
***
Балықтың басы бір болғанымен,
Қабырғасы жік-жік.
***
Балықтың батасы жоқ,
Иттің атасы жоқ.
***
Балықтың да сегіз қанаты бар.
***
Балықтың жаны суда.
***
Балықтың құйрығы жылмақай,
Оны аулаған тынбағай.
***
Балықтың өзі суда, көзі сыртта.
***
Балықтың тірлігі суменен.
***
Балықшы айтпайды расын,
Сонда да алады бір асым.
***
Балықшы балықшыны ұзақтан таниды.
***
Балықшы суда жүрсе де, сусап жүреді.
***
Балықшыдан сыралғы,
Батырдан сауға.
***
Балықшының аты суға жарымайды.
***
Балықшының аты шөлден өледі.
***
Балықшының байлығы – етек-жеңі кепкенше.
***
Балықшының қонағы жүре тояды.
***
Балықшының үйіне барсаң, қарма жерсің,
Егіншінің үйіне барсаң, жарма жерсің.
***
Бассыз – ел жетім.
Балықсыз – көл жетім.
***
Бассыз жерге жалшы айғыр,
Балықсыз көлге бақа айғыр.
***
Батыр даңқы – ел даңқы,
Балық даңқы – көл даңқы.
***
Батыр – өктем, балуан – алып,
Әйел – дария, ер – балық.
***
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
***
Бекіре балық – бел кеспе,
Берсе, жемес бұл басым,
Қолаңса иісі сасыған,
Қой етіне қор болды.
***
Бекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қатпайды.
***
Бекіре тұмсығы тасқа тимей қайтпас.
***
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
maqal-matel.kz
