Б

Бай болмасаң, бай болма,
Білім, өнерге сай бол.
***
Бай болсаң, жай болма,
Білім, өнерге сай бол.
***
Байлық – мұзға жазылған сөз,
Білім – тасқа жазылған сөз.
***
Байлықтың кілті – ғылым.
***
Бақыт белгісі – білім.
***
Бақыт жолы біліммен табылады.
***
Бақыттың жолы біліммен ашылады.
***
Бала оқытқан мұғалім балаларша ойлайды.
***
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
***
Баланы жастан үйрет,
Қатынды бастан үйрет.
***
Баланың ең жақын ұстазы – ата-анасы.
***
Баласы жоқ ханым – тұл,
Баяны жоқ ғалым – тұл.
***
Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі,
Білімдіге тиер орын төрдегі.
***
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
***
Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.
***
Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.
***
Белгі болмаса, жол бұзылады,
Білім болмаса, сөз бұзылады.
***
Белгісі болса, жолдан жаңылмас,
Білімі болса, сөзден жаңылмас.
***
Бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.
***
Биліктен білік бір жасы үлкен.
***
«Бұл дүние – ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.
***
Бұрын айтылмаған білімді
Жұрт сөзіңнен таниды.
***
Бүгінгі ұстаз – кешегі шәкірт.
***
Бүлік сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.
***
Білген адам білімді өмір бойы іздейді.
***
Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.
***
Білген білгенін істейді,
Білмеген бармағын тістейді.
***
Білген білгенін істер,
Білмеген бармағын тістер.
***
Білген ерден білім толтыр бойыңа,
Ізгі сөзден ес кіреді ойыңа.
***
Білген ердің сөзін тыңда ізгілік,
Қасиетін үйреніп ап көзге ілік.
***
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
***
Білген ұрыны пақыр дейді,
Білмеген ұрыны батыр дейді.
***
Білгенге дәрі шалмын,
Білмегенге кәрі шалмын.
***
Білгенге жыр, білмегенге «дыр».
***
Білгенге маржан, білмегенге арзан.
***
Білгеннің білгені қайсы,
Білмегенді кешірмеген соң.
***
Білгеннің білгені қайсы,
Білместігін кешпесе.
***
Білгенің – бір тоғыз,
Білмегенің – мың тоғыз.
***
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
***
Білгенің қайда,
Білместікті кешірмесең?
***
Білгенің қайсы,
Білмегендігін кешірмесең.
***
Білгеніңді білмегенге сатпа.
***
Білгіштің қолы барлық іске жетеді.
***
Білгіші бар жаңылмас,
Жершілі бар адаспас.
***
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
***
Біле тұра білмеген –
Білімсіздің белгісі.
***
Біле тұрсаң да, сұрап ал.
***
Білегі жуан бір кісіні,
Білімі көп мың кісіні жығады.
***
Білегі жуан бірді жығады,
Білімі жуан мыңды жығады.
***
Білегі жуан бірді жығады,
Білігі жуан мыңды жығады.
***
Білегі күшті бірді,
Білімі күшті мыңды жығады.
***
Білегі күшті бірді жығар,
Білімі күшті мыңды жығар.
***
Білегі толық бірді жығар,
Білімі толық мыңды жығар.
***
Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.
***
Білемін – мың сөз,
Білмеймін – бір сөз.
***
Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш табылар.
***
Білерлігің қайда бар,
Білместі кешпесең.
***
Білмеген (надан) көзі болса да – соқыр,
Тірі жүрсе де – өлік.
***
Білмеген мың бәледен құтылар.
***
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
***
Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме,
Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.
***
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
***
Білмеген у ішеді.
***
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
***
Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.
***
Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.
***
Білмегенді «білем» деген – күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.
***
Білмегенді білуге талпыну – білімдінің әдеті.
***
Білмегенді білуге тырыс,
Тура жолмен жүруге тырыс.
***
Білмегенді кешірмесең,
Білгендігің қайсы.
Білмегенді үйренбесең,
Білімділігің қайсы.
***
Білмегенді сұрап үйренген – ғалым,
Арланып сұрамаған – өзіне залым.
***
Білмегеннен түбінде бас ауырар.
***
Білмегеннің білегі ауырмас.
***
Білмегенім – бит,
Емдемегенім – ит.
***
Білмегеніңді бес жасар баладан сұра.
***
Білмес Құдайды білмес,
Көрмесі түйені көрмес.
***
Білмес наданнан би қойсаң,
Жұртыңды дауға алдырар.
***
Білмесең, сұра,
Сенбесең, сына.
***
Білместік білгеннен де өтеді.
***
Білместің білмегенін кешпесең, білгендігің қайда.
***
Білсе білім, күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге.
***
Білсең, халықтан озасың,
Білмеген жамандар, мойның неге созасың.
***
Білік бағасын білікті біледі.
***
Біліксіз адам майы жоқ жілік сияқты бос қуыс болады.
***
Біліксіз бас майсыз жілік сияқты көдек келеді.
***
Біліксіз биік болса дәулетімен,
Білікті биігірек сәулетімен
***
Біліксіз биікке шықпас.
***
Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.
***
Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
***
Біліксіз қайыр әкелмейді.
***
Біліксіз сөйлесе,
Түсінбей-ақ айта береді.
***
Біліксізге бәрі де жөн көрінеді.
***
Біліксізге төр тисе, «төмен» дейді.
***
Білікті биік тұт,
Ұғымды ұлы тұт.
***
Білікті адам керекті сөзін ғана айтады,
Керек емесін бүгіп қалады.
***
Білікті адам қайда барса да, төрге шығады.
***
Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.
***
Білікті адамның сөзі – таза гүл.
***
Білікті білім біліп, зерделі ұғар,
Жүзеге осы екеуі алып шығар.
***
Білікті біліммен білінеді.
***
Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
***
Білікті бір де шығар,
Білімсіз мың да шығар.
***
Білікті кісі – баға жетпес алтын,
Біліксіз кісі – бес тиын бақыр.
***
Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Біліммен жанын семіртер.
***
Біліктіден шыққан сөз – әдеп үлгісі.
***
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
***
Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл.
***
Білім – адам баласының ортақ қазынасы.
***
Білім – адамның байлығы.
***
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
***
Білім алар жігіттің оқу болар ермегі.
***
Білім алмай, болдым деме,
Еңбек етпей, толдым деме.
***
Білім алсаң, білерсің,
Надан қалсаң, бүлерсің.
***
Білім алсаң жасыңнан,
Қыдыр кетпес қасыңнан.
***
Білім арзан, білу қымбат.
***
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
***
Білім – байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.
***
Білім бақыттың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
***
Білім берген мұғалім –
Өмірдегі зор ғалым.
***
Білім болса, бектер биік заңғар-ды,
Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
***
Білім – бұлақ.
***
Білім – бұлақ,
Ақыл – жағалай өскен құрақ.
***
Білім білген пілге мінер,
Білім білмеген көрге түсер.
***
Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ.
***
Білім ғылымнан нәрленеді,
Ғылым оқудан нәрленеді.
Оқу өмірден нәрленеді,
Өмір күреспен нәрленеді.
***
Білім – дария,
Ақыл – тоған.
***
Білім деген – гауһар, бағасы жоқ,
Надандық деген – кесел, дауасы жоқ.
***
Білім ел ішінде.
***
Білім – ердің дәулеті.
***
Білім – иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Алдына алтын тартылады.
***
Білім көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Білім қадірін ер білсе,
Ер қадірін ел біледі.
***
Білім қуған оңалар,
Білімсіз жан сорланар.
***
Білім – малы жоққа түгесілмес мал,
Қаржысы жоққа – таусылмас қаржы.
***
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
***
Білім өз иесін білдіріп тұрады.
***
Білім өрге жетелейді,
Жолдың турасын төтелейді.
***
Білім сананы ағартады.
***
Білім соқырдың көзін,
Кереңнің құлағын ашады.
***
Білім талапқа құмар.
***
Білім таппай баптанба,
Өнер таппай мақтанба.
***
Білім – таусылмайтын байлық.
***
Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
***
Білім – терең түпсіз көл,
Надандық – нәрсіз шөл.
***
Білім туыс таңдамайды.
***
Білім тұрған жерде иман тұрады.
***
Білім іздеген өсер,
Бүлік іздеген өшер.
***
Білім – іштегі нұр,
Өнер – сырттағы гүл.
***
Білімдар жанның ізін кес.
***
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
***
Білімде артық-кем болмайды.
***
Білімді адам тілін билей алады.
***
Білімді бесіктен тесікке дейін ізде.
***
Білімді болғың келсе,
Дананың айтқанын тыңда.
***
Білімді болса – жолдан,
Көргенді болса – сөзден жазбас.
***
Білімді бір кісі білімсіз мың кісімен тең.
***
Білімді жерде қалмас.
***
Білімді жігіт еліне – ашылып есік, иіліп бесік болар.
***
Білімді жігіт жұртқа әрі басшы, әрі құл.
***
Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
***
Білімді кісі отырса,
Босаға да төр болады.
***
Білімді қайда да болса іздейсің.
***
Білімді мың жасайды,
Білімсіз құр жасайды.
***
Білімді мыңды жығады,
Білегі жуан бірді жығады.
***
Білімді өзінен сұрар,
Білімсіз өзгеден сұрар.
***
Білімді өлсе, қағазда аты қалады,
Өнерлі өлсе, істеген заты қалады.
***
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
***
Білімді сылық сөйлейді,
Жайдары күліп сөйлейді.
Шамкөс бір отырып,
Бір тұрып сөйлейді.
***
Білімді шарап ішсе,
Білгенінен айрылар.
***
Білімдіге биік орын.
***
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғарып.
***
Білімдіде ашу жоқ,
Пілдің жүгін көтереді.
Білімсізде ашу көп,
Жынның жүгін көтереді.
***
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
***
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болса кез.
***
Білімділер халыққа бас, ес еді,
Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
***
Білімдімен бір жүрсең,
Кемтік жерің білінбес.
Арамзамен бір жүрсең,
Артық жерің көрінбес.
***
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар,
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
***
Білімдімен жолдас болсаң,
Білікті боларсың.
***
Білімдімен жолдас болсаң,
Ішіңнен сырың шығады.
Білімсізбен жолдас болсаң,
Көңіліңнен шығын шығады.
***
Білімдіні білімі үшін мақтайды,
Бейшараны «қам көңіл» деп жақтайды.
***
Білімдіні көрсең, қадір тұт,
Білімсізді көрсең, сабыр тұт.
***
Білімдінің атағына,
Білімсіздің жатағына жиналады.
***
Білімдінің білім – киім, асы да,
Білімсіздің ісі – бәле басына.
***
Білімдінің сөзін тыңда,
Айтқанын үйрен, іске асыр.
***
Біліммен атың шығады,
Өзің өлсең де, атың қалады.
***
Біліммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
***
Білімнен артық пайдалы не бар?
***
Білімсіз сөз басыңа кемшілік келтірер.
***
Білімсіз туған көп ұлдан,
Білімді туған қыз артық.
Білімсіз көп наданнан,
Білімді бір ер жүз артық.
***
Білімсізге шын сөз ащы көрінеді.
***
Білімсізге шын сөз де парықсыз.
***
Білімсізге сөз өтпес.
***
Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.
***
Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
***
Білімсіздік басты қаңғыртады.
***
Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі жібектей.
***
Білімсіп, өзіңнен жоғарыны күндей көрме,
Өзіңнен төменгіні жүндей көрме.
***
Білімі бардың аты өседі,
Білімі жоқтың аты өшеді.
***
Біліміңе билетпесең, білгенің зая,
Серігіңді сендірмесең, көргенің зая.
***
Бір адамның бір адамнан парқы бар,
Ол айырма білімменен жарқырар.
***
Бір білімдар айтқан екен солайша:
«Дәмі кетер ас-ауқатың молайса».
***
Бір іс білімдіден де, білімсізден де өтеді.
***
Біреу білмегенді біреу білер.
***
Біреудің білмегенін біреу білер,
Біреу жылағанға біреу күлер.

maqal-matel.kz