Ғалым – ақылдың шамы.
***
Ғалым бар дүниеде «дана» аталған,
Білімі халық жолын нұрға малған.
***
Ғалым болдың, жеттің мұратқа.
***
Ғалым болсаң, өр болма,
Өнерлі болсаң, кер болма.
***
Ғалым деген – дария,
Қыса берсең, таси береді,
Надан деген – есек,
Қыса берсең, жаси береді.
***
Ғалым елден күледі,
Алым әлдекімнен күледі.
***
Ғалым халық үшін көзін берсе,
Батыр халық үшін өзін береді.
***
Ғалымдық – шам,
Надандық – қараңғы там.
***
Ғалымнан білім жұғады,
Қотырдан ірің жұғады.
***
Ғалымның бір күні
Наданның мың күніне татиды.
***
Ғалымның хаты өлмейді,
Жақсының аты өлмейді.
***
Ғылым – еңбектің жемісі.
***
Ғылым көп, өмір аз – керегін оқы.
***
Ғылым мен өнер желге емес, елге.
***
Ғылым өлшеуі – ақыл,
Зейін өлшеуі – нақыл.
***
Ғылым-өнер – өнерден өнер.
***
Ғылым табу – инемен құдық қазғандай.
***
Ғылымды надан жер етер.
***
Ғылымдық ұстағанға діннің зоры,
Сопылық бұ заманда судың соры.
Сопылық Қап тауынан арман асты,
Бүгінде тегіс жетті жұрттың қолы.
***
Ғылымменен дүниеге шықса даңқы,
Өзі өлсе де, өлмейді оның аты.
***
Ғылымнан білім зор,
Білімсіз ғылым қор.
maqal-matel.kz
