Бай бай емес, бірлік бай,
Көп көп емес, бірлік көп.
***
Байлық байлық емес, бірлік – байлық.
***
Бақылда бірлік жоқ.
***
Бақыт қайда болса, тыныштық сонда.
***
Бақыт қайда – бірлікте.
***
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
***
Бейғамнан асқан берекесіз жоқ.
***
Бекершіден берекесіз сөз шығар.
***
Берген аста береке бар, береке – Құдай аты,
Бермеген аста біте бар, Біте – шайтанның аты.
***
Береке бір тиыннан.
***
Береке – бірлікте.
***
Береке – бірлікте,
Сауық-сайран – тірлікте.
***
Береке достық шақырады,
Берекесіз қастық шақырады.
***
Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам.
***
Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол бір көл,
Берекесі кеткен ел – суы ашыған бетпақ көл.
***
Берекелі бұлақтың –
Басы иілген талы болады.
Берекелі халықтың –
Белі иілген шалы болады.
***
Берекелі елдің баласы –
Бірі қанат, бірі құйрық,
Берекесіз елдің баласы –
Бірі аманат, бірі күйік.
***
Берекелі жерден мереке кетпес.
***
Берекелі тоғайда
Басын иіп тал тұрар.
Берекелі ауылда
Ақылы дана шал тұрар.
***
Берекесіз ауыл – мерекесіз.
***
Бересіңнен құтылсаң, берекеңнің өскені.
***
Бетегелі жерге мал тоқтайды,
Берекелі елге бақ тоқтайды.
***
Бөлшекте де, билік ет.
***
Бөлінгенді бөрі жейді.
***
Бөлінгенді бөрі жейді,
Жарылғанды жау жейді.
***
Бөрі көргенде бірігетін
Ауыл итінің мінезіндей.
***
Бүлдіру оңай, түзеу қиын.
***
Бытырасаң басына,
Батыр келер қасына.
***
Білік бағасын білікті біледі.
***
Бір ауыздан сөз шығар,
Бір жағадан бас шығар.
***
Бір ауыздан сөз шықса, ағайынның бірлігі,
Бір төсектен бас шықса, адамның аз күн тірлігі.
***
Бір күн ұрыс болса,
Қырық күн береке кетеді.
***
Бір күн ұрысқан үйде
Қырық күн береке болмайды.
***
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір бөлек елді бір жаман ірітеді.
***
Бірлік бар жерде тірлік бар.
***
Бірлік болған жерде тірлік болады.
***
Бірлік болмай, тірлік болмас.
***
Бірлік еткен озады,
Бірлігі жоқ тозады.
***
Бірлік қылсаң, тірлік бар.
***
Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.
***
Бірліктен ел құралар.
***
Бірлікті ел бұзылмас.
maqal-matel.kz
