А

Ағайын ағайынның күзгісі, айнасы.
***
Ағашты желім қосады,
Ағайынды келін қосады.
***
Ағаштың қисығы тезге түседі,
Жігіттің қисығы көзге түседі.
***
Адал мінез адамдар,
Арттағыларға жол салып
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.
***
Адал сөз – әшекей емес, ақиқат.
***
Адалдың арқаны үзілмейді,
Қара су сүзілмейді.
***
Адалбақан ашасыз болмас.
***
Адам аяғының тұзағы – бала-шаға.
***
Адам баласы үрілген мес сияқты,
Аузын ашса, босап қоя береді.
***
Адамның өсуінен,
Арқанның есуінен.
***
Адамның тізгіні – ақыл.
***
Аз да болса, қаптай көр.
***
Аз қойда айран бар да, өре жоқ.
***
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
***
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйырығы қамшыдай,
Бура сойған не сұмдық!
***
Ай жарығы әлемге,
Шам жарығы түбіне.
***
Ай қораланса, арысыңды сайла,
Көктемде қонысыңды сайла.
***
Ай қораланса, арысыңды сайла,
Күн қораланса, күрегіңді сайла.
***
Ай құлақтанса, күрегіңді сайла,
Күн құлақтанса, қораңды сайла.
***
Айғырың үнді болсын,
Қошқарың жүнді болсын.
***
Айна, айна емес, халық айна.
***
Айна менен тарақ бар,
Алмасаң да қарап қал.
***
Айнаға қарағанша, айналаңа қара.
***
Айнаға қарап емес,
Адамға қарап түзел.
***
Айран ұйытса, іріткен,
Тері илесе, шіріткен.
***
Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.
***
Айында келгенге аяқ,
Күнінде келгенге таяқ.
***
Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында.
***
Айыр інген кез келсе,
Мұрындығы қалар жырылып.
***
Ақ жүзің де айнадай, перде болса,
Құл құтырар, төсегін төрге салса.
Жігітім кедей болса, сөз айта алмас,
Қылышынан қан тамған ер де болса.
***
Ақ теріні қара теріге айырбастап.
***
Ақсақ қой ауыл қасында,
Иә, құдық басында.
***
Ақсақтың аяғы жетпесе де, таяғы жетеді.
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы тұрған торлар бар.
Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда қазулы тұрған орлар бар.
***
Ақшасыз базарға барғанша,
Кетпен алып мазарға бар.
***
Ақыл – алтын сандық,
Адамына қарай ашылар.
***
Ақыл – шам-шырағың түндегі,
Білімділік – жарық көзі күндегі.
***
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
***
Ақылды азаматтың: қолы – қару,
Басы – сандық, тілі – кілт.
***
Ақылды кісі – азбайды,
Асыл бұйым тозбайды.
***
Ақылдыға ишарат, ақымаққа таяқ.
***
Ақылдың өлшеуі – қалам.
***
Ақылсызға қонған бақ
Түбі тесік қанар қап.
***
Ақылы жоқ ақымақтан,
Тоқпақ ұрған бақсы артық.
***
Ақымақ күндіз шам жағады.
***
Ақымаққа таяқ.
***
Ақымаққа іс тапсырған,
жіптің ұшын жоғалтқанмен бір.
***
Ала жібін алмасам,
даудың менде не ісі бар,
ел ішінде қонбасам,
жаудың менде не ісі бар.
***
Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.
***
Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет,
алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет.
***
Алғаның жақсы болса – абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса – дүниенің пырағы.
Балаң жақсы болса – екі көздің шам-шырағы!
***
Алса – құсым,
Алмаса – желпуішім.
***
Алтын балдақ –
Қол сәні,
Әшекей, кесте –
Тон сәні.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Алтын жиһаз – ел сәні.
***
Алтын қайшы пішкенге жақсы,
Алтын қасық ішкенге жақсы.
***
Алтын тон кисең, атаңды ұмытпа,
Тоғайға барсаң, балтаңды ұмытпа.
***
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
***
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
***
Анадан алтау туғанша,
Жалғыз туса нетеді,
Елге тұлға болғалы;
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге айыр бұтақ бітсе, нетеді,
Құсқа тұғыр болғалы.
***
Анамды жақсы көргендіктен
Келісін түйдім.
Ауылымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.
***
Андыз болса, ат өлмес,
Айыр болса, ер өлмес.
***
Аңғал алдындағы орды,
Ашыққан қарға торды көрмейді.
***
Аңшы мүшелес, бай кіселес.
***
Аңқау құс торға аунайды,
Аңқау адам күлге аунайды.
***
Арба иесі күпшектер,
киіз иесі білектер.
***
Арамдықтың арқаны қысқа.
***
Арамзаның пышағы алқымынан тозады,
Ақкөңілдің пышағы ұшынан тозады.
***
Арба иесі көпшіктер,
Кигіз иесі білектер.
***
Арба иесі – күпшек,
Киіз иесі – білек.
***
Арба кімдікі болса,
Күпшек сонікі.
***
Арзан мүлік сатып алатын бай емеспіз.
***
Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.
***
Арқанды ат – қазығына оралар.
***
Арқанның батқанын иесі емес, түйесі білер.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Сөздің қысқасы жақсы.
***
Арқауын көріп бөзін ал,
Анасын көріп қызын ал.
***
Арпасыз дорбаға ат та жақындамайды.
***
Арпасыз дорбаны ат иіскемейді.
***
Артқан жүгің ауыр болса,
Атаның жауыр болады.
***
Артқан жүгің ауыр болса,
Ат-атаның жауыр болады.
***
Артқы түйенің жүгі ауыр.
***
Ары жат, бері жат – төсек тарлығы,
Ары тарт, бері тарт – көңіл тарлығы.
***
Арық ат – тулақ,
Ашаң жігіт – қунақ.
***
Арық атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман кісіге мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас,
Қондырса да оңдырмас.
***
Арық көңіл – шарық
***
Асқабақпен семірген малың құрсын,
Жөмелекпен ұзарған шашың құрсын.
***
Аспаннан былғары жауса да,
Құлға оқшантай тимейді.
***
Асықпа, қарға,
Түсерсің торға.
***
Асыл пышақ қап түбінде жатпайды.
***
Асылсаң, биік дарға асыл,
Аяғың жерге тимесін.
***
Атадан мұра қын қалады,
Шеберден, сірә, мін қалады.
***
Ат айналып қазығын табады,
Ер айналып мекенін табады.
***
Ат арыса – тулақ,
Ер арыса – аруақ.
***
Ат аунаған жерде түк қалады,
Нар аунаған жерде жүк қалады.
***
Ат арықтаса, тулақ болар.
***
Ат арықтаса, тулақ болар,
Ер арықтаса, қонақ болар.
***
Ат әрі көлік, әрі жолдас,
Әрі мүлік, әрі ас.
***
Ат басына күн туса,
Көгендегі қой болар.
Ер басына күн туса,
Бота төбе үй болар.
***
Ат болатын құлынның мүшесінен,
Адам болар баланың кісесінен.
***
Ат дорба түбін иіскемей тоймайды.
***
Ат жақсысы керуеннен,
Зат жақсысы шеберден.
***
Ат жақсысы керуеннен түседі,
Зат жақсысы жарлыдан түседі.
***
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
***
Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.
***
Ат күтіммен жақсы,
Жүн түтумен жақсы.
***
Ат мінген қойшының аяғы ұзын,
Өгіз мінген қойшының таяғы ұзын.
***
Ат пен есек ақырлас болса, зеңі жұғады.
***
Ат тапсаң, еріңді сайла,
Қысырақ салсаң, желіңді сайла.
***
Ат тулағы жабағы,
Желіннен соң сабағы.
***
Атақты ұры аш жүргенде,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Аталы ұлдың кісесі басқа,
Енелі ұлдың боқшасы басқа.
***
Атам шоты шапқан сайын өрлейді.
***
Атты күнде мінсең – тулақ,
Аптада мінсең – қунақ.
***
Атты күнде мінсең – тулақ,
Аптада мінсең — қунақ,
Айына мінсең – ат,
Жылына мінсең – тұлпар.
***
Аттының атын алған,
жаяудың таяғын алған.
***
Атың болмаса,
Аяғыңа жалын,
Аяғың болмаса,
Таяғыңа жалын.
***
Аузы құлып сандықты
Тіс ашпаса, тіл ашар.
***
Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса тіл ашар,
түйін-түйін сырыңды, түбінде келіп шын ашар.
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал,
Құдай ұрғанға не амал.
***
Ауырған басқа темір тарақ.
***
Ауырмас басқа темір тарақ.
***
Ашу – пышақ, ақыл – таяқ.
***
Ашу – пышақ,
Ақыл – таяқ,
Біреуге пышақ, екеуге таяқ.
***
Ашу – садақ,
Ақыл – таяқ.
***
Ашу – сөздің бұлты,
Ақыл – сөздің кілті.
***
Ашу үстіне ант жүрмейді,
Пышақ үстіне қылыш жүрмейді.
***
Ашыққан адам елге қонады,
Ашыққан бүркіт торға қонады.
***
Аюға намаз үйреткен таяқ.
***
Аюға намаз үйреткен – таяқ,
Молдаға намаз үйреткен – тамақ.
***
Аяғыңды көрпеңе шақтап көсіл.
***
Аяқ – азамат, қол – мүлік.
Бас – сандық, тіл – кілт.
***
Аяқ шаршаса, таяқ жарайды.
***
Аямасқа аяғыңды сұқ,
Айланып келіп таяғыңды сұқ.
***
Аямасқа аяғыңды тық,
Қайтып келіп, таяғыңды тық.

maqal-matel.kz