Әділ билік – алтын таразы.
***
Әйел билеген еркек – қақпаға байлаған қоңырау,
Қақпа ашылса, қаңғырлайды,
Қақпа жабылса, міңгірлейді.
***
Әйел қырық шырақты.
***
Әкем өлгені маған жақсы,
Көпшігі көтіме жақсы.
***
Әкесіз бала – панасыз,
Құлыпсыз есік – панасыз.
***
Әр зат өз жынысына тартады.
***
Әр нәрсе асылына қайтар.
***
Әр нәрсе затына тартады
***
Әр нәрсе уақытымен қызықты.
***
Әр нәрсеге бір зауал.
***
Әр нәрсенің парығын айыру – жоғарғы білім.
***
Әркім қылса өзіне,
Сүрме қояр көзіне.
***
Әрі жат, бері жат – төсек тарлығы,
Сенікі-менікі – көңіл тарлығы.
***
Әсем болсаң, аспаққа асыларсың,
Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.
maqal-matel.kz
