Бай байға құда болса,
Арасында жорға жүреді,
Кедей кедейге құда болса,
Арасында дорба жүреді,
Бір бай бір кедейге құда болса,
«Қайдан болдым» деп зорға жүреді.
***
Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт,
Кедей болсаң, жаныңменен көтің сүрт.
***
Бай – жарлының азығы,
Жарлы – байдың қазығы.
Қиянатсыз бір-бірі,
Болыспас па жазығы.
***
Бай мен бай құда болса,
Арасына жорға жүреді.
Кедей мен кедей құда болса,
Арасында дорба жүреді.
***
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер,
Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер,
Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.
***
Бай төсегі темір піс,
Кедей төсегі қара кіс.
***
Байдың әйелі өлсе, төсегі жаңғырар.
Кедейдің әйелі өлсе, басы қаңғырар.
***
Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырады,
Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырады.
***
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
***
Байлықтың кілті – ғылым.
***
Байсыз қатын – баусыз оймақ.
***
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
***
Байы бар таяқ жейді,
Қойы бар құйрық жейді.
***
Бақаны алтын таққа отырғызсаң да,
Батпақты көргенде шоршып түсер.
***
Бақыт сандықта, кілтпен ашасың,
Кілті аспанда, өнермен ұшасың.
***
Баланы зордан,
Ананы бордан.
***
Балта ұстап әкең қалғанша,
Ұршық ұстап шешең қалсын.
***
Бардың мәйегі тиер,
Жоқтың таяғы тиер.
***
Барлық нәрсе тегіне тартады.
***
Басқыштың төменінен бір-бірлеп басып қана жоғары шығуға болады.
***
Басы бос заттың иесі болмас.
***
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
***
Баусыз оймақ қолда тұрмайды,
Байсыз қатын үйде тұрмайды.
***
Берген перде бұзады.
***
Берген перде бұзар.
***
Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.
Ісің қисық болса, жазаға өкпелеме.
***
Бетіңді түземей, айнаны сөкпе.
***
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
***
Болат қынға тоқтайды,
Тентек топқа тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
***
Болат найза қап түбінде жатпас.
***
Болат пышақ қап түбінде жатпайды.
***
Болатын біз қап түбінде жатпайды.
***
Болшағы бар сүйгенін жейді,
Болшағы жоқ тигенін жейді.
***
Бөтендікі – сенікі емес.
***
Бурасын сатқан
Бұйдасын сатпайды.
***
Бұзауы өлген сиыр тұлыпқа мөңірейді.
***
Бұзылғаннан бұйым алма.
***
Бұрынғы – бүгіннің айнасы.
***
Біз де қатын болармыз,
Қапқа тары салармыз.
***
Білмегенді білдір,
Қолыңа алтын жүзік ілдір.
***
«Білік» деген бір қазық,
Барлығы соған оралар.
***
Білім бақыттың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
***
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
***
Білімдінің аузы – өнердің көзі,
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
***
Бір ауыз сөзден қырғын соғыс басталады,
Бір сіріңкеден үлкен өрт те басталады.
***
Бір ауыздан сөз шықса, ағайынның бірлігі,
Бір төсектен бас шықса, адамның аз күн тірлігі.
***
Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
***
Бір қатынның мекері қырық есекке жүк болар.
***
Біреудің бұйымына біреу ысқырып қарайды.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.
maqal-matel.kz
