А

Ағайынның ұрысы – торқаның жыртысы.

Ағаш атқа жіп құйысқан.

Адам көркі – шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ.

Адамзат бөз бермейді, сөз береді.

Айт сөзді ұққанға,
Айтып-айтпа құлағына мақта тыққанға.

Айтса болар ұққанға,
Айтып-айтпай немене
Құлағына мақта тыққанға.

Айтса болар, ақылды алып ұққанға,
Айтып-айтпай немене,
Екі құлағын мақтамен тыққанға.

Айтып-айтпай немене,
Құлағына мақта тыққанға.

Ақыл айт ұққанға, айтып-айтпай не керек,
құлағына мақта тыққанға.

Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.

Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.

Алтынды еріте білмеген күл етеді,
Жібекті түте білмеген жүн етеді.

Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды.

Анасын көріп қызын ал,
қарысын көріп бөзін ал.

Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.

Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл.
Қас жақсының белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.

Арғымақтың құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл.

Арғымақтың құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер азамат белгісі,
Түзде мырза, үйде құл.

Арғымақтың құйрығы,
Сатсаң жібек, кессең қыл.
Жақсы адамның белгісі,
Үйде мырза, түзде құл.

Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.

Арқауын көріп бөзін ал,
Анасын көріп қызын ал.

Арыстан тісін «мамықтай жұмсақ» деме.

Аспаннан шұға жауса,
Жалқауға түк те тимес.

Аспаннан шұға жауса,
Кедейге шұлғаулық та тимепті.

Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.

Астарлы шапан тоңдырмас,
Үш өрім жіп үзілмес.

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.

Ата даңқымен қыз өтеді,
Саудагер даңқымен бөз өтеді.

Атаңнан қалған сөз жоқ па,
Анаңнан қалған бөз жоқ па?

Атлас кисең, бөзіңді ұмытпа.

Атлас – қымбат, бөз – арзан,
Көп сөйлеген сөз – арзан.

Аузынан сөзі түскен,
Қойнынан бөзі түскен.

Аузынан сөзі түскеннің
Қолынан бөзі түседі.

Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.

maqal-matel.kz