Әдепсіз аяқ боқ басады.
***
Әдепсіз бала – аяққа басылған шала.
***
Әдепсіздің аяғы боқ басады,
Сөзі шоқ басады.
***
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
***
Әділдікпен кескен бармақ ауырмайды.
***
Әділет алдында тай да бас иеді, тау да бас иеді.
***
Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
***
Әзіл білместің ауызында шоқпары болады.
***
Әзіл білместің шоқпары ауызында.
***
Әйел көз жасымен қуанып,
Көз жасымен уанады.
***
Әйелде де сүйек бар.
***
Әйелді бастан,
Баланы жастан.
***
Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын.
***
Әйелдің аузы алпыстікі,
Асты жетпістікі.
Иінің аузы кім болса соныкі,
Не болса да, түбі өзінікі.
***
Әйелдің жасы – шық,
Күн шықса, кетеді,
Ердің жасы – от,
Жүрегін өртеп кетеді.
***
Әкем өлгені маған жақсы,
Көпшігі көтіме жақсы.
***
Әкім болсаң, қызметші ал,
Ол – сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.
***
Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.
***
Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.
***
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
***
Әлем билеу үшін зерде тірек қой,
Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.
***
Әлсіз безер, әлсіздің алқымын әркім езер.
***
Әлсіз денеге ауру ұялайды.
***
Әлі жетпеген ақыретшіл,
Қолы жетпеген құдіретшіл.
***
Әлі жетпеген сақалшыл келеді,
Билік білмеген мақалшыл келеді.
***
Әлі келмеген ақыретте алғанмен алтау болмас,
Жегенмен жетеу болмас.
Қаншама аузы болғанмен,
Құдай бергендей тіпті болмас.
***
Әлім алдында ауызыңды ти.
***
Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
***
Әңгіме мұрыннан келеді.
***
Әпербақан ұр кеуде,
Ақылы жоқ құр кеуде.
***
Әпербақан шаш ал десе, бас алар.
***
Әр жіліктің өз майы бар.
***
Әр кәллаға бір қиял.
***
Әркім қолда барын ұсынады.
***
Әркім қылса өзіне,
Сүрме қояр көзіне.
***
Әркімнің де бармағы өзіне қарап біткен.
***
Әркімнің өз жейдесі етіне жақын.
***
Әркімнің өз қолы – өзіне иілер.
***
Әркімнің өз қотырын өзі қасыған қандай жақсы.
***
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
***
Әуедегі тырнадан қолыңдағы шымшық игі.
***
Әуелгі бақ – тіл мен жақ.
***
Әулекі қатын асына қарамас,
әулекі таз басына қарамас.
maqal-matel.kz
