Ә

Әділ билер болса құп,
Залым биде иман жоқ.
***
Әділ билер болса құп,
Залым билерде иман жоқ.
***
Әзірейіл барда,
Жаным бар деме.
Барымта барда
Малым бар деме.
***
Әзірейіл барында жаным бар деме,
Буыршын барында малым бар деме.
***
Әзірейіл барда, жаным бар деме,
Һауада бұлт барда, малым бар деме.
***
Әзірейіл жанға ортақ,
Отанның жаман ұлы малға ортақ.
***
Әзірет Әлінің қылышы –
Саған да тиер бір ұшы.
***
«Әй» дейтін әже жоқ,
«Қой» дейтін қожа жоқ.
***
Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік болар,
Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік болар.
***
Әкімге қарсылық қылма,
Күніңе кемшілік келер.
Молдаға қарсы болма,
Дініңе кемшілік келер.
***
Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.
***
Әкімнің қарсысы болсаң, ісің жаман,
Молданың қарсысы болсаң, дінің жаман.
***
Әлі жетпеген ақыретшіл болады.
***
Әлі жетпеген ақыретшіл,
Қолы жетпеген құдіретшіл.
***
Әлі келмеген ақыретте алғанмен алтау болмас,
Жегенмен жетеу болмас.
Қаншама аузы болғанмен,
Құдай бергендей тіпті болмас.
***
Әркімнің өз жері – ұжмақ.
***
Әруақ тепкен ары түсер,
Атан тепкен бері түсер.
***
Әуелгі байлық – иман байлық,
Екінші байлық – денсаулық.
Үшінші байлық – ақ жаулық,
Төртінші байлық – он саулық.
***
Әуелі қазы болды,
Сонан соң қажы болды,
Ақырында ала аяқтың өзі болды.

maqal-matel.kz