Әдепсіз әйел тұзсыз аспен тең.
***
Әділетсіз төренің елі тозады,
Қатыны жаман жігіттің жеңі тозады.
***
Әділсіз болса, би оңбас,
Әйелсіз болса, үй оңбас.
***
Әйел адам сырыңды алса,
Дұшпан үштен бірін қылады.
***
Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.
***
Әйел алмаған жігіт елуге келсе де, бозбала,
Бала таппаған қатын қырыққа келсе де, қыз бала.
***
Әйел асқақтаса – жылағаны,
Ер асқақтаса – құлағаны.
***
Әйел – бақыт,
бала – байлық.
***
Әйел билеген еркек – қақпаға байлаған қоңырау,
Қақпа ашылса, қаңғырлайды,
Қақпа жабылса, міңгірлейді.
***
Әйел дауысты еркекте
Жау айбынар зәр болмас.
Еркек дауысты әйелде
Үлкенді сыйлар ар болмас.
***
Әйел де ай сәулесі сияқты,
Есікті жапсаң, түндіктен түседі.
***
Әйел ерден кетсе де елден кетпейді.
***
Әйел – ерімен,
Диқан – жерімен.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
о да еркектің баласы,
ерлер көктен түскен жоқ,
әйел оның анасы.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
***
Әйел жолға да бармайды,
Жолдан да қалмайды.
***
Әйел жолы жіңішке.
***
Әйел жомарттық кылғанда,
еркек намарттық кылғаны өлім.
***
Әйел жыласа – шық,
Күн шықса, кетеді.
***
Әйел көз жасымен қуанып,
Көз жасымен уанады.
***
Әйел көп болса іс бітпейді,
түйе көп болса жүк сыймайды.
***
Әйел көркі – ақылда.
***
Әйел қарызы байында,
Ел қарызы биінде.
***
Әйел қырық шырақты.
***
Әйел өлсе үйің кетеді,
басыңнан күйің кетеді.
***
Әйел сұлу, еркек ақылды болу керек.
***
Әйел сырын әйелден сұра.
***
Әйел – үйдің ажары,
Бала – үйдің базары.
***
Әйел – үйдің көркі,
Еркек – түздің көркі.
***
Әйел шәйпау болмай,
ер жалғыз қонбас.
***
Әйелге күш көрсету – ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.
***
Әйелде де сүйек бар.
***
Әйелден батыр шықпас,
Ақымақтан ақыл шықпас.
***
Әйелді бастан,
Баланы жастан.
***
Әйелді жаман десең, анаң оның ішінде.
***
Әйелді ұстай алмаған күң,
Жібекті ұстай алмаған жүн етеді.
***
Әйелдің ақылдылығы сұлулықта,
Еркектің сұлулығы ақылдылықта.
***
Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын.
***
Әйелдің аузы алпыстікі,
Асты жетпістікі.
Иінің аузы кім болса соныкі,
Не болса да, түбі өзінікі.
***
Әйелдің дауысы қатты шыққан үйің
босағасынан жақсылық күтпе.
***
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
***
Әйелдің жалғыз жетістігі бар:
Ол – дақ түспеген ары.
***
Әйелдің жасы – шық,
Күн шықса, кетеді,
Ердің жасы – от,
Жүрегін өртеп кетеді.
***
Әйелдің көркі ақылында.
***
Әйелдің күлгені – алдағаны,
Жылағаны – арбағаны.
***
Әйелдің күші аз, айласы көп.
***
Әйелдің ләззаты – әлемнің рахаты.
***
Әйелдің өркөкірегі қор болады,
Еркектің өркөкірегі зор болады.
***
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
***
Әйелсіз үй сусыз диірменмен тең.
***
Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.
***
Әйелі жоқ үй – жетім.
***
Әйелінен ұялған баласыз өтеді.
***
Әйелің дұшпандық қылса,
Қара пәле басқаны.
Балаң тілді алмаса,
Қадіріңнің қашқаны.
***
Әйелің жақсы болса, бағыңның асқаны,
Жаман болса, қараның басқаны.
***
Әйелің жақсы болса,
Қартайғанша қызбен тең.
Әйелің жаман болса,
Күнде басқан сызбен тең.
***
Әйелің жақсы болса,
Сыртта тұрып дыбыс ет.
Әйелің жаман болса,
Үйге кіріп оңбас ет.
***
Әйелің жаман болса, жағаң кетер.
***
Әйелің жаман болса,
жұрттың тыныштығынан не пайда?
Етігің тар болса,
дүниенің кеңдігінен не пайда?
***
Әйелің жаман болса, көңілің жарым,
Атың шабан болса, талар қарың.
***
Әйелің жаман болса, қонағың кетеді,
Ұлың жаман болса, бағың кетеді.
***
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт,
Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
***
Әйеліңнің кемшілігін айтпасаң,
Кінәлі өзің боласың.
***
Әкемде болғанша,
Алғанымда болсын.
***
Әкесінің ақшасымен үйленген
Әйелінің қадірін білмейді.
***
Әсемдік әйелге, қажырлық ерге жарасады.
***
Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық.
***
Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық,
Онан кейін ақ жаулық.
***
Әуелгі байлық – иман байлық,
Екінші байлық – денсаулық.
Үшінші байлық – ақ жаулық,
Төртінші байлық – он саулық.
***
Әуелгі қыстау – жердің құты,
Әуелгі әйел – ердің құты.
***
Әулекі қатын асына қарамас,
әулекі таз басына қарамас.
maqal-matel.kz
