А

Адам бар дүр, адамдардың гүлі дүр,
Адам бар дүр, хайуан одан жақсы дүр.
***
Адам – гауһар, қолы – гүл.
***
Адам гүлден нәзік, тастан қатты.
***
Адам тастан қатты,
Гүлден нәзік.
***
Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
***
Адамның қолы – гүл,
Маңдайдағы тері – нұр.
***
Алқызыл гүл – жердің сәулеті,
Асыл жар – ердің сәулеті.
***
Ана – дала, бала – гүл,
ананың анасы қара жер.
***
Ана – тастан берік, гүлден нәзік.
***
Ата менен ана –
Гүл менен лала.
***
Аяр сөзді лаң да бір –
Гүл астындағы жылан да бір.

maqal-matel.kz