Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.
***
Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
***
Балығы жоқ көл қысыр,
Басы жоқ гүл қысыр.
***
Бұланға ерген шешекке аунар,
Доңызға ерген балшыққа аунар.
***
Бұлбұл гүлінде сайрайды,
Адал басшы ел-жұртын ойлайды.
***
Бұлбұлдан опа күтпе,
Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды.
***
Бұлбұлдан өзге құстар
Гүлстан қадірін білмес.
***
Білікті адамның сөзі – таза гүл.
***
Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл.
***
Білім – іштегі нұр,
Өнер – сырттағы гүл.
***
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
***
Біреуден күнә іздегенше, өнер ізде,
Баққа кірсең тікен тергенше, гүл жина.
maqal-matel.kz
