Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер,
Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.
***
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
***
Әдепті бала елге мәнзүр.
***
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Адамдықтың белгісі –
Көп артынан ергені.
***
Әділ би халқы үшін,
залым би құлқы үшін.
***
Әділ бидің елінің ырысы көп,
Парақордың елінің ұрысы көп.
***
Әділ патша гүлстанға ұқсайды,
залым патша зымыстанға ұқсайды.
***
Әділ патшаның әскері халықтан құралады.
***
Әділетсіз төренің елі тозады,
Қатыны жаман жігіттің жеңі тозады.
***
Әйел ерден кетсе де елден кетпейді.
***
Әйел қарызы байында,
Ел қарызы биінде.
***
Әйелің жаман болса,
жұрттың тыныштығынан не пайда?
Етігің тар болса,
дүниенің кеңдігінен не пайда?
***
Әке сені ер болсын дейді,
Маңайыңа ел қонсын дейді.
***
Әке үміті сенде,
Тапсырады сені елге.
***
Әкімің дұрыс болмаса, жұрт бұзылады,
саудаң дұрыс болмаса, нарық бұзылады.
***
Әкімдерден ғадалет тайса,
Елдің пейілі тарқайды.
***
Әкімнің ақысы болса,
Қараның қақысы бар.
***
Әкімі зұлым болса, елі азады.
***
Әншейінде бұл жұрттың бәрі мерген,
Жортады қараңғыда кәрі мерген.
***
Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады),
Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).
***
Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.
***
Әр елдің салты басқа,
Иттері қара қасқа.
***
Әр елдің түлкісін өз тазысымен аула.
***
Әр сөзіңнің білім болсын сағасы,
Білімменен үлкейер ел ағасы.
***
Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.
***
Әуелі Тәңір жерге береді,
Жерге берсе, елге береді,
Елге берсе, ерге береді.
maqal-matel.kz
