А

Айғақ өлер, кепіл төлер.
***
Ала жағым кетсе де,
Айта жағым кетпесін.
***
Ала қарғада алажағың болсын.
***
«Аламыз» деген алған,
«Береміз» деген жалған.
***
Аларман – арыстан,
Берермен – тышқан.
***
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
***
Аларманға келгенде,
Алман-жалман.
Берерменге келгенде,
Безгек пенен түйнек.
***
Аларманның бетіне қарама,
Алар малдың бетіне қара.
***
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
***
Аласысы бар зор келеді,
Бересісі бар қор келеді.
***
Алған борыш жаман,
Соның бәрінен де қабағын түйіп берген
бір аяқ ас жаман.
***
Алғанға бар,
Бергенге жоқ.
***
Алғанда биссмилла,
Қайтарғанда астағпұралла.
***
Алғанды білген анайы,
Бергенді білген сыпайы.
***
Алғанды өтеу – парыз.
***
Алдырған айыпты,
Атасының қойнын ашады.
***
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.
***
Алмақтың да бермегі бар.
***
Алмақтың да салмағы бар.
***
Алмақтың салмағы бар,
Берудің сұрауы бар.
***
Алты аласы, бес бересі жоқ.
***
Алушы – арыстан,
Төлеуші – тышқан.
***
Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.
***
Алып алтау, жеп жетеу болмас.
***
Алып алты болмаған,
Жеп жеті болмайды.
***
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың.
***
Арғымақ атқа тай төлеу.
***
Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.
***
Арқасы бүтін атқа арықтық жоқ,
Борышсыз жігітке кедейлік жоқ.
***
Ауру елемеген – өлер,
Дау төлемеген – төлер.
***
Ауру өледі, кепіл күйеді.
***
Ауру өледі,
Кепіл теледі.

maqal-matel.kz