Аға болар жігіттің
Етек-жеңі кең келер.
Арғымақ болар құлынның
Жал, құйрығы дөңгелер.
***
Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі,
Көргендерін бойына түйіп өседі.
***
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.
***
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Ағаштың басы сынса, түбі қалар,
Екеудің біреуі өлсе, бірі қалар.
Жалғыздың өзі өлсе несі қалар?
Киген киім, мінген ат жауда қалар.
***
Ағаштың тоны – қабығы,
Құстың тоны – мамығы.
***
Адал адамның аты арып, тоны тозбас.
***
Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды,
Әдепті, біліммен жақсы болады.
***
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар,
Қошқар болар қозының мұрын жағы дөң келер.
***
Адам болып жүргенің адамдықта,
Тонды тастап қашарсың жамандықта.
***
Азусыз ат – жиексіз шапан.
***
Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.
***
Айғыр берсе, мініп ал,
Шапан берсе, киіп ал.
***
Айды етегіңмен жаба алмассың.
***
Айт аттынікі,
Той тондынікі.
***
Айт аттынікі,
Той тондынікі.
Дау дәудікі,
Айт, айт!
***
Айыр етекті шапанға ит өш.
***
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
***
Ақ киім – кірлегіш,
Ақ көңіл – кешіргіш.
***
Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас.
***
Ақ қалпақты көрінсе,
Ата екем менің демейім бе.
Ақ жаулықты көрінсе,
Енекем менің демейім бе.
***
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
***
Ақ сәлделі қожадан
Ақ жаулықты қатын артық.
***
Ақкөңілдің аты азбайды,
Халал жүріп хақ сөйлегеннің тоны тозбайды.
***
Ақкөңілдің аты арымас, тоны тозбас.
***
Ақпейілдің аты азып, тоны тозбас.
***
Ақшасыздың қолы келте,
Жалқаулардың тоны келте.
***
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақыл тозбайтын тон,
білім таусылмайтын көл.
***
Ақылсыз сәнқой жігіттен
Ақылды тонды артық.
***
Ақылың ағаңда болса,
Құндызың жағаңда болсын.
***
Ақылменен пішкен тон
Кем де, кең де болмайды.
***
Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.
***
Ақымақтың достығы,
Шекпенің жыртылып, шенің алынғанша,
Немесе асың таусылып, атың арығанша.
***
Алған жерді жамандап,
Артықты қайдан табарсың.
Ақ тоныңды жамандап,
Асылды қайдан табарсың.
***
Алжыған ат сүрлеуін ұмытады,
Алжыған шал белбеуін ұмытады.
***
Алтын балдақ –
Қол сәні,
Әшекей, кесте –
Тон сәні.
***
Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса – бек тәжінің өрнегі.
***
Алтын жығаң болса да,
Жаға менен жең керек.
***
Алтын кемер белге сән,
Алтын қылыш ерге сән.
***
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
***
Алтын тонды шенің болғанша,
Алақандай жерің болсын.
***
Анасының киген тонын баласы да киеді.
***
Апасы киген сәукелені,
Сіңлісі де киеді.
***
Апасының киген тонын сіңілісі де киер.
***
Апайының кигенін сіңілісі де киеді,
Екеуінің тойы бір күнде болмайды.
***
Арыды деп атыңды тастама,
Шаршағанда медет болар.
Тозды деп тоныңды тастама,
Тоңғанда керек болар.
***
Ас аттынікі, той тондынікі.
***
Аспаннан шұға жауса,
Кедейге шұлғаулық та тимепті.
***
Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.
***
Астарлы шапан тоңдырмас,
Үш өрім жіп үзілмес.
***
Асыққан етегіне сүрінеді.
***
Асыққанның аяғы етегіне оралады.
***
Ат ариды, тон тозады,
Уақытында аянбаған
Алысқа қолын созады.
Атамай алғанның
Біреуге арқасы тозады.
***
Ат аяған ат мінер,
Тон аяған тон киер.
***
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
***
Ат атты, тон тонды сақтайды.
***
Ат көрмеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон көрмеген тон кисе,
Қаға-қаға бітірер.
***
Ат майы жетсе де,
Киім майы жетіспейді.
***
Ат майы толады,
Киім майы толмайды.
***
Ат мінбеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон кимеген тон кисе,
Қаға-қаға тоздырар.
***
Ат мінбеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон кимеген тон кисе,
Сілке-сілке тоздырар.
***
Ат мінбегеннің атасына нәлет,
Тон кимегеннің анасына нәлет.
***
Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Аулың болмаса, бөркіңмен ақылдас.
***
Ата көрсеткен жолымыз бір,
Ана тіккен тонымыз бір.
***
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
***
Ата көрген жол біледі,
Ана көрген тон пішеді.
***
Ата көрген оқ жонады,
Ене көрген тон пішеді.
***
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
***
Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
***
Атамекен туған жер –
Кір-қоңыңды жуған жер,
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
***
Атамның салған жолы бар,
Анамның тіккен тоны бар.
***
Аталы бала атқа мінер,
Шешелі бала шекпен киер.
***
Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.
***
Атаның тоны балаға жараса,
Ол атасын іздемейді.
***
Аты жаманда әруақ болмайды,
Киімі жаманда абырой болмайды.
***
Аты-тоны бар кісіде Әзірет Әлінің күші бар.
***
Аты-тоны сай кісі
Жиын тойға барысар,
Ұлы-қызы бар кісі
Құдалыққа барысар.
***
Атыңды сат, тоныңды сат,
Жатарыңда бір тойып жат.
***
Атыңды сат, киіміңді сат,
Жатқанда тойып жат.
***
Аузы берен жігіттің бір ажалы көптен,
Штаны жоқ әйелдің бір ажалы шөптен.
***
Аузын бағып айтқанның – аузы күймес.
Отын бағып жатқанның жеңі күймес.
***
Аузын шеше тыймаған,
Аяғын етік қыспаған.
***
Аузыңа түскен тамақ болсын,
Иініңе түскен киім болсын.
***
Аузыңа түскенін тамақ қыл,
Иініңе түскенін киім қыл.
***
Ашыққан қарын тойынар,
Ашылған етек жайылар.
***
Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сиғанын киер.
***
Аяғы үлкен сиғанын киеді,
Аяғы кішкене сүйгенін киеді.
***
Аяғы шуаш, шылғауын жуғыш келеді,
Белі ауырған, белін буғыш келеді.
***
Аяғын кебіс қыспаған,
енесі ернін қыспаған.
***
Аяғың үлкен болса,
Қонышыңды кең піш.
Бойың ұзын болса,
Білекке қарай жең піш.
***
Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
maqal-matel.kz
