Бай баласы мақпалын киер,
Кедей баласы тапқанын киер.
***
Бай киім кисе, құтты болсын дер,
Кедей киім кисе, қайдан алдың дер.
***
Балақ түрілмей, балық тұтылмас.
***
Балақтағы бит басқа шығады.
***
Балық байлығы – етек-жеңің кепкенше.
***
Балықшының байлығы – етек-жеңі кепкенше.
***
Бас аман болса, бөрік табылады.
***
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
***
Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
***
Бас – тұмақтың үлгісі.
***
Басы бардың бөркі бар.
***
Басы сау балаға бөрік табылады.
***
Басы сауға бөрік табылар.
***
Бедекшінің малы жең ішінде,
Алдамшының малы ерні үшінде.
***
Беттің арын белбеуге түйіп.
***
Би болатын жігіттің
Етек-жеңі мол болар.
Қошқар болар қозының
Маңдайы жуан, дөң болар.
***
Бит қабығынан биалай тоқыған.
***
Битке өкпелеймін деп, тоныңды отқа жақпа.
***
Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа.
***
Битке өкпелеп,
Тоныңды отқа салма.
***
Боз көйлектің қырық күндік мастығы бар.
***
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
***
Бойра тоқыған зергер болмас.
***
Бөрі алар жігіттің бөркінен белгілі.
***
Бөрі алатұғын жігітің бөркінен танылар.
***
Бөрі баласын бөрікке салсаң, еш болмас.
***
Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.
***
Бөрі бөрік астында.
***
Бөрі жоқ деме, бөрік астында,
Жау жоқ деме, жар астында.
***
Бөрік – адамға көрік.
***
Бөрік жетпес терекке балта шаппа.
***
Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.
***
Бөрік тастап бөріден құтылуға болмайды.
***
Бөрікке салсаң да, бөрі баласы – бөлтірік.
***
Бөрікті тастап бөріден құтылуға болмайды.
***
Бөріктінің намысы бір.
***
Бөріктің құндызына қарама,
Маңдайының жұлдызына қара.
***
Буынса – белі,
Сұғынса – жеңі.
***
Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.
***
Білімдінің білім – киім, асы да,
Білімсіздің ісі – бәле басына.
***
Бір етікке екі аяқ симас.
***
Бір жеңнен қол шығару,
Бір жағадан бас шығару.
***
Біреу арқан тоздырар,
Екеу ұлтан тоздырар.
***
Біреудің бөркі басыңды бүркемес.
***
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
maqal-matel.kz
