А

Ағаштан ат мінбе,
Жаманнан дат ілме.
***
Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
***
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
***
Адамға шабатын арыстаннан
Жүк таситын есек артық.
***
Адамды сыбыс аздырады,
Атты мініс аздырады.
***
Адамды сыбыс бұзады,
Атты мініс бұзады.
***
Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.
***
Адамның жуасын
Аяққа басады.
Аттың жуасын
Ұры мініп қашады.
***
Аз байласаң, аз мінерсің,
Көп байласаң, көп мінерсің.
***
Азусыз ат,
Азулы бие мінген жігіттің арманы жоқ.
***
Азы-көбі күшіңнің белдескенде білінер,
Азы-көбі түйеңнің ел көшкенде білінер.
***
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын –
Бақыт деген сол.
***
Ай артынан ай өтер,
Атпен қусаң жеткізбес.
Жыл артынан жыл өтер,
Желмен қусаң жеткізбес.
***
Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.
***
Ай мінбей,
Атыңды мақтама,
Жыл тұрмай,
Қатыныңды мақтама.
***
Айбынымыз қаншама,
Ал өзіңіз аңдаңыз:
Атты қасқыр жарса да,
Аман қалды арбамыз.
***
Айғыр берсе, мініп ал,
Шапан берсе, киіп ал.
***
Айғыр мінсең, құлын жоқ,
Бие мінсең, қымыз жоқ.
***
Айғырыңды мінгенің –
Биенің қысыр қалғаны.
Немеренің ақылы –
Еңбегіңнің жанғаны.
***
Айдаған өгіз арбаның жүгі өгізге түсер.
***
Айт та, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет
***
Айтар сөзін білмесе
Адамдықтан не пайда.
Артқан жүгін тартпаса
Атандықтан не пайда.
***
Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
***
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
***
Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.
***
Ақыл деген ағып жатқан дария,
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.
***
Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер.
***
Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.
***
Ақылы жоқ шалдан
Бесіктегі бала артық.
Қайырымы жоқ ұлыңнан,
Астыңа мінген ат артық.
***
Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа,
Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
***
Ал тегершін қайда жүрсе,
Арт тегершін сонда жүрер.
***
Алаңғасар атқа мінсе,
Тұра шабар.
***
Алғаның жақсы болса,
Бұл дүниенің шырағы.
Мінгенің жақсы болса
Бұл жалғанның пырағы.
***
Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба солай жүреді.
***
Алдыңғы тегершік қайда жүрсе,
артқы тегершік сонда жүрер.
***
Алдыңғы түйе итіншек,
Артқы түйе тартыншақ.
***
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтермес салмағы бар.
***
Алмауыттан ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Әдепті, арлы жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің.
***
Алты ай жаздай мен міндім қайыққа,
Не жазығым бар екен осы аяққа.
***
Алты ай мінсе арымас
***
Алты айлық жолға арымас
Атан деген көлік бар.
Асып-тасса ағайынын танымас
Адам деген «ұлық» бар.
***
Алтын артқан атанның да
Алдында есек, артында ит жүреді.
***
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жүк атанды сынайды.
***
Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.
***
Алыстан арбалағаннан,
Жақыннан дорбалаған артық.
***
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
***
Алыстан қара көрінсе,
Жүйірік озар созылып.
Қаба-қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.
***
Алысты жақындататын – ат,
Жақынды алыстататын – жат.
***
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
***
Анасы басқа аттан түс,
Атасы бір атқа мін.
***
Аңсағанда келген хабар,
Шаршағанда мінген көлік.
***
Араласпайтын ағайыннан,
Жақын жүрген жат жақсы.
Пайдасы жоқ техникадан,
Ерттеулі тұрған ат жақсы.
***
Арба айдаған алдына қарайды,
Түйе жетектеген артына қарайды.
***
Арба атқа келмейді,
Ат арбаға келеді.
Қазан асқа келмейді,
Ас қазанға келеді.
***
Арба жүрсе бір сықыр,
Ат шапса бір тықыр.
***
Арба иесі көпшіктер,
Кигіз иесі білектер.
***
Арба иесі – күпшек,
Киіз иесі – білек.
***
Арба көтергенді ат көтере алмас.
Артық сөзді жат көтере алмас.
***
Арба кімдікі болса,
Күпшек сонікі.
***
Арба өгізге келмейді,
Өгіз арбаға келмейді.
***
Арба сынса – отын,
Ат өлсе – етің.
***
Арба сынса – отын,
Өгіз өлсе – соғым.
***
Арбаға тоқпақ көргенді жекпе,
Соқпақ көргенді жек.
***
Арбадан құда түссе, атқа жеңіл.
***
Арбалыға жолдас болма,
Жорғалыға жолдас бол.
***
Арбалыға жорғалы жолдас болмас.
***
Арбаны ат тартпайды,
Арпа тартады.
***
Арбаны ат тартпайды,
Жем тартады.
***
Арбаның алдағы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
***
Арбаң сынса – отын,
Атың өлсе – етің.
***
Арбаң сынса – отын,
Өгізің өлсе – етің.
***
Арбасы алда, аты артта.
***
Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды.
***
Арғымақ атқа көп міндім,
Садаға кетсін буданнан.
Ер жігітпен дос болдым,
Садаға кетсін туғаннан.
***
Арғымақ болса мінгенің,
Алыс жер жақын емес пе?
Ақылды болса сүйгенің
Аласың жақын емес пе?
***
Арғымақ мінген арымас.
***
Арғымаққа көп міндім,
Садаға кетсін буданнан.
Азаматқа көп ердім,
Садаға кетсін туғаннан.
***
Арғымаққа мінген байлардың,
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің,
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның,
Елге мұқтаж күні бар.
***
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілмен таласпа.
***
Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.
***
Арқалағаны алтын болса да,
Түйенің тамағы тікен.
***
Артқан жүгің ауыр болса,
Ат-атаның жауыр болар.
***
Артқан кісінің түйесі,
Сауған кісінің биесі,
Қашан келеді иесі.
***
Артқан түйеңнен,
Сиынған иең күшті болсын.
***
Арықты мінгенше аяғыңа мін.
***
Ас ішерде керек,
Көлік көшерде керек.
***
Астыңда атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса
Ұжмақ не керек!
***
Астыңда дөненің болғанша,
Қолыңда өнерің болсын.
***
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар тоспақ артық.
Талдырмаш таза айырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
***
Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.
***
Асыққан жолаушы
Атына теріс мінеді.
***
Асыққан кісі зиянға келер,
асықпаған арбамен қоян алар.
***
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
***
Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.
***
Ат аяған ат мінер,
Тон аяған тон киер.
***
Ат әрі көлік, әрі жолдас,
Әрі мүлік, әрі ас.
***
Ат жалдаған өтер,
Ит жалдаған кетер.
***
Ат жақсысы – шанада,
Жігіт жақсысы – саудада.
***
Ат мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер,
Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға тоздырар.
***
Ат мінсе ауына тартады.
***
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
***
Ат сабылды – жоқ табылды.
***
Ата – жезде,
Ана – кеме.
***
Атан жүгі ас болса да,
Ашқа аз көрінер.
***
Атан өгіз мүйізімен де
Соқа сүйрей алады.
***
Атан түйе жүк астында қартаяр.
***
Атқа мінгеспе,
Мінгессең, үндеспе!
***
Атан түйеге ауыр жүктің қорлығы жоқ,
арыстанға темір шынжырдың арлығы жоқ.
Атадан алтау туса да,
жауға шаппаған ұлдың барлығы жоқ.
***
Атаным сай, атым сай,
Қашсам, жаудан кетермін.
Кетпенім сай, шотым сай,
Қазсам, суға жетермін.
***
Атасы басқа аттан түс,
Аталасым, атқа мін.
***
Атты ақысын жаяуға жібермейді.
***
Атты жолдас болмайды
Арбалымен.
Жортақ жолдас болмайды
Жорғалымен.
***
Атты күнде мінсең – тулақ,
Аптада мінсең – қунақ,
Айына мінсең – ат,
Жылына мінсең – тұлпар.
***
Атты кісі жаяудың ақын жемейді,
Ақын жесе, оны жұрт «мақұл» демейді.
***
Атты қамшыменен айдасаң,
Жаяу қаларсың.
***
Аттыға еремін деп,
Тайлының қаңы жыртылыпты.
***
Аттыға еріп жаяудың таңдығы айрылады.
***
Аттыға жаяу жолдас болмас.
***
Аттылы, жаяу келеміз баяу.
***
Аттының атын алған,
жаяудың таяғын алған.
***
Аттының несібесі – алтау,
Жаяудың несібесі – жалқы.
***
Аттың жалында,
Атанның қомында.
***
Аты барға
Тай мінсе де жарасар.
***
Аты семіздің – жолы тегіс.
***
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
***
Атың болмаса,
Аяғыңа жалын,
Аяғың болмаса,
Таяғыңа жалын.
***
Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
***
Атыңды мақтама,
Жүрісінен жаңылады.
Қатыныңды мақтама,
Жүрегінен қабынады.
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Ауыр жол – атанды сынайды,
Ауыр іс – адамды сынайды.
***
Ауырлықты жер көтереді,
Ауыр жүкті нар көтереді.
Ауыр қайғыны ер көтереді.
***
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді.
***
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
***
Аш отырып, ас таңдайды,
жаяу отырып, ат тандайды.
***
Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар.
***
Ашаршылық көрмеген,
ас қадірін білмейді,
жаяушылық көрмеген,
ат қадірін білмейді.

maqal-matel.kz