Бағы бардың иті үреген, аты жүреген болады.
***
Бай ат мінсе,
«Қайырлы болсын!» дейді.
Жарлы ат мінсе,
«Қайдан алдың?» дейді.
***
Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.
***
Байға барсаң, жорға береді,
Кедей атын зорға береді.
***
Байтал мінсең, құлын жоқ.
***
Байтал мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
***
Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой.
***
Баланы жұмсағаның білінбес,
Тайды мінгенің білінбес.
***
Баланың қылғаны білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
***
Баланың істегені білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
***
Баласы жақсының әкесін ат үстінен көтеріп алады,
Баласы жаманның әкесін ат үстінен ит қабады.
***
Балық жеген «су, су» дер,
Қос айдаған «шу, шу» дер.
***
Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
***
Беделің артса, беліңде жүк ауырлар.
***
Бедеу мінсең, бел асасың,
Алғыс алсаң, көп жасайсың.
***
Бейқамдық қайық алдырады.
***
Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
***
Бойың қысқа болса,
Түйеге мін,
Бойың ұзын болса,
Есекке мін.
***
Боларыңды біліп өт,
Бозжорғадай желіп өт.
Боларыңды білмесең,
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
***
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
Өзің адам болған соң,
Аударып тастап атпен кет.
***
Бұралқы мал мінуге жақсы,
бұралқы сөз күлуге жақсы.
***
Бұралқы сөз күлуге жақсы,
Бұралқы ат мінуге жақсы.
***
Былай тартсам, өгіз өледі,
Бұлай тартсам, арба сынады.
***
Білімдіде ашу жоқ,
Пілдің жүгін көтереді.
Білімсізде ашу көп,
Жынның жүгін көтереді.
***
Бір әйелдің айласы
Қырық есекке жүк болды.
***
Бір кеменің басын ұстаған мұратына жетеді,
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
***
Бір күндік өмірің қалса да,
Жортақ мінбе, жорға мін.
***
Бір қатынның айласы
Қырық есекке жүк болған.
***
Бір қатынның кесірі
Қырық есекке жүк болды.
***
Бір қыздың күйеуі келсе,
Қырық қыз қайық береді.
***
Бір мінсең де, жорға мін,
Бүлкілдесін бүйрегің.
Бір ұрттасаң да, май ұртта,
Кілкілдесін жүрегің.
***
Біреудің жер көтермес малы бар,
Біреудің ат көтермес дәні бар.
***
Біреудің жоғын
Біреу түйе мініп жүріп жоқтамайды.
***
Бітісі жаман қамысты
Су ішінде өрт алады.
Туысы жаман жігітті
Түйе үстінен ит қабады.
maqal-matel.kz
