(Басы)
«Ағайын!» десе аң қарадық,
«Қайын» десе тез қарадық. (М.Қашқари)
***
Ағайынды алқалап құрмет көрсет. (М.Қашқари)
***
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер. (М.Қашқари)
Ағаш біткенді жүкті қылатын – жел. (С.Сарайи)
***
Ағаш кессең – ұзын кес (қысқартуға жақсы),
Темір кессең – қысқа кес (ұзартуға жақсы). (М.Қашқари)
***
Ағаш көркі – жеміс,
Адам көркі – жақсы іс. (С.Сарайи)
***
Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа. (С.Сарайи)
***
Ағын су тоқтамайды,
Жүйрік тіл тоқтамайды.
Бақыт тоқтап тұрмайды,
Тіршілік тоқтамайды. (Ж.Баласағұн)
***
Адал дүниеге есеп керек. (А.Йүгінеки)
***
Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Адал іс істесең – адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең – өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең – өмір бойы қорықпайсың. («Алтын шежіре»)
***
Адалға – есеп, арамға да сұрау бар… (Ж.Баласағұн)
***
Адалдық ақыры бір көрінеді. (Р.Хорезми)
***
Адалдық – ерлік нышаны. (Құтып)
***
Адам аяғының тұзағы – бала-шаға. (С.Сарайи)
***
Адам байлыққа тоймайды:
Дүние-мал ащы судай кермек-ті,
Қанша ішсең де сусын қанып көрмепті.
Жинар адам талай кәкір-шүкірді.
Ойламай-ақ «неге?» деген пікірді.
Байып алып, болса тілек түгелдей –
Жан береді, бәрі қалып, түк өнбей.
Шайы, жібек оранып ең жай ғана,
Жер жастанып жатасың ғой, ей, дана,
Мәз боп тоймай тіршіліктің ойнына,
Жатасың ғой кіріп жердің қойнына.
Қас жүйрік пен жорға мінген батыр – ол,
Қу табытқа түсіп алып жатыр ол.
Ойла мұны, жеп көр қамын бастың да,
Жат өкінбей қара жердің астында.
Бол разы қандай іске, жазаға,
Тура сөйле мойын сұнып қазаға. (Ж.Баласағұн)
***
Адам бақытқа тоймайды. (Р.Хорезми)
***
Адам баласы айыпсыз болмас. (М.Қашқари)
***
Адам баласы зарыға бермейді,
Ит баласы зорыға бермейді. (М.Қашқари)
***
Адам баласы – тастан қатты емес. (Құтып)
***
Адам баласы үрілген мес сияқты:
Аузын ашса – босап қоя береді. (М.Қашқари)
***
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл. (Ж.Баласағұн)
***
Адам болған соң, онда кінә да болады. (Құтып)
***
Адам – бір оқтық. (С.Сарайи)
***
Адам емес, мәңгі өлмейтін – атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы. (Ж.Баласағұн)
***
Адам жүзімнің бұтағы емес, оның басын қырқып тастаудан қорқу керек. (Рашид-әд-дин)
***
Адам күш жұмсап бай бола алмайды, арыз айтып бек бола алмайды. (С.Сарайи)
***
Адам – қарынның құлы. (М.Қашқари)
***
Адам мәңгі жасамас,
Көрге кірген кері қайтпас. (М.Қашқари)
***
Адам мен адамның парқы басқа:
Кісінің тегі таза қылығы – нұр,
Қызығып сол қылыққа көңілді бұр.
Адамнан адамдардың парқы басқа –
Ұқсайды бір-біріне бөрігі құр. (А.Йүгінеки)
***
Адам мен малдың айырмасы – ақылда. (Ж.Баласағұн)
***
Адам ойлайды – алла шешеді. (Көне қыпшақ ескерткіші)
***
Адам өз атын кісілікпен көтереді. (Ж.Баласағұн)
***
Адам өтеді, игі аты қалады. (М.Қашқари)
***
Адамға тіліне беру – ұят: тапқан наны көбейгенімен, абыройы азады:
Көп тілену – жұмыс емес кәделі –
Нан көбейер, бірақ азар беделі. (С.Сарайи)
***
Адамға шабатын арыстаннан жүк таситын есек артық. (С.Сарайи)
***
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. (Ж.Баласағұн)
***
Адамды мүлік бұзады. (М.Қашқари)
***
Адамның ақылы азса, істемес істі істейді. (Рашид-әд-дин)
***
Адамның жаманы – мылжың, жақсысы – жомарт. (Ж.Баласағұн)
***
Адамның көзі – таразы. (Лутфий)
***
Адамның көңілі де көк сияқты қаулайды, семеді. (Ж.Баласағұн)
***
Адамның өзі өледі, сөз қалады. (Ж.Баласағұн)
***
Ажал анық болса да, мезгілі жетпей ер өлмес. (Ж.Баласағұн)
***
Ажал жетпей өлмек жоқ. (Қорқыт)
***
Ажалдан аман қалатын адам жоқ. (Р.Хорезми)
***
«Ажалсыз адам өлмес» деп жыланның құйрығынан ұстама. (С.Сарайи)
***
Ажалсыз ерге өлім жоқ. (Ж.Баласағұн)
***
Ажырасар болған соң құшып-сүйгеннен не пайда? (С.Сарайи)
***
Аз-аздан жиналса – көп болады, көп аздан жиналады. (С.Сарайи)
***
Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар. (Ә.Науаи)
***
Аз ғана игі іске көп рахмет айт. (Ж.Баласағұн)
***
Аз дәлелден – көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен – бидайдың қасиеті мәлім болады. (С.Сарайи)
***
Аз деп жауды аяма. (М.Қашқари)
***
Аз дұшпанын менсінбеген азғантай отты өшірмей кеткен адамға ұқсайды. (С.Сарайи)
***
«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме. (Құтып)
***
Аз от алауласа, шаһар өртейді. (С.Сарайи)
***
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді. (Құтып)
***
Азаматтық жасай алмаған адам – бұл өмірге келмеген адаммен бірдей. (С.Сарайи)
***
Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады. (А.Йүгінеки)
***
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат – қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады. (Ж.Баласағұн)
***
Азға қанағат қылғанды барлық жерде сыйлайды. (С.Сарайи)
***
Азықсыз адам алысқа бармайды. (С.Сарайи)
***
Ай толық болса, айдыны әлемге кетер. (Ж.Баласағұн)
***
Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер. (Ж.Баласағұн)
***
Айдапсал жаққан от жанса, сақтықтың суын сеп. (С.Сарайи)
***
Айла білген кісілер көзіңді байлап алдайды. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас. (М.Қашқари)
***
Айласыз ау құрған – құс ұстай алмайды. (Құтып)
***
Айласын білген кісіге арыстан да бастығар. (Ж.Баласағұн)
***
Айт жеткізіп білімдіге мұны ұғар:
«Құлын ат боп, қысырақ та тынығар» (М.Қашқари)
***
Айтқан екен жайған адам атағын:
Сабыр еткен түзер істің шатағын. (Ж.Баласағұн)
***
Айтар сөзді айт,
Айтпас сөзден қайт. (Ә.Науаи)
***
Айтар сөзді алдымен ойлап ал. (Қорқыт)
***
Айтпа сырды, қара достың түсіне,
Ойлап қара жанашырдың ісіне,
Өз ішіңе сыймаған сыр, шырағым,
Сыя ма екен сол досыңның ішіне. (А.Йүгінеки)
***
Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім,
Бір қараса білер адам сүйгенін». (Ж.Баласағұн)
***
Айтылады тілменен сөз, сыр – ішің,
Жақсы сөз де білсең – бедел, ырысың. (Ж.Баласағұн)
***
Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың. (Ж.Баласағұн)
***
Ақ болсаң қараға жуыма: аққа қара тез жұғады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақ көңіл – адам ойының тазасы:
Әділ, тура, ақ көңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін. (Ж.Баласағұн)
***
Аққан су қайтып оралмайды. (С.Сарайи)
***
Ақсақ кісі сапарға шығып жарытпайды. (С.Сарайи)
***
Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді? (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл – алланың сыйлығы. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл бізді білімге жетелейді. (Құтып)
***
«Ақыл» деген көр адамға көз, өлі тәнге жан, мылқауға тіл бола алады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл-кеңес тыңдамаған адам әрдайым машақатқа түседі. (С.Сарайи)
***
Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз,
Адам көркі – жүз,
Жүздің көркі – көз. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл кіріп, қырықта әдеп білмесе –
«Адам» емес, болар кім десе! (С.Сарайи)
***
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе, қашарға жол іздейді. (Құтып)
***
Ақыл мен білім арманыңды іске асырады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл – мың оқудың басы. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді. (С.Сарайи)
***
Ақыл-ой мен білім – әр адамның сәулеті. (Ә.Науаи)
***
Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас. (Ж.Баласағұн)
***
Ақыл – шам-шырағың түндегі,
Білімділік – жарық көзі күнделігі. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды адам аз жейді. (С.Сарайи)
***
Ақылды адам нәпсісін тыя біледі. (С.Сарайи)
***
Ақылды адам сөзді орнымен айтып, жөнді жауап күтеді. (С.Сарайи)
***
Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді. (С.Сарайи)
***
Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды болу сараңға да жарасады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды ер адамнан айып іздемейді, өнер іздейді. (С.Сарайи)
***
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар. (С.Сарайи)
***
Ақылды кісі аз сөйлер. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды кісіден кісілік үйренесің. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды кісінің ісі де – ақылды,
Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да – былғаныш. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді. (С.Сарайи)
***
Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да мәз боп жүреді. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. (С.Сарайи)
***
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң кірер аяғыңа, байқа тек! (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды іздегеннің өзі – нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі – нағыз білімді. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ішегің көп жүгірсең майланбайды. (Құтып)
***
Ақылдыға сөз айтсаң –
Толыса түсер ақылы,
Ақылсызға сөз айтсаң –
Сол күйі қалар ақыры. («Алтын шежіре»)
***
Ақылдылық жақсы атқа қалдыруды тілейді. (Рашид-әд-дин)
***
Ақылдымен отыру – ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру – ақылдыға тозақтан жаман қаза. (С.Сарайи)
***
Ақылдыны білім ұстамды қылады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылдың ісі асығыспен бітпейді. (Құтып)
***
Ақылсыз адам – мәуесіз ағаш секілді. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылсыз кісі – қос уыс қоқыс. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылсыз басты қылығы танытады. (Ж.Баласағұн)
***
«Ақылы аз» деп қорсынба – пайдасы тиеді. (Ж.Баласағұн)
***
Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды. (Ә.Науаи)
***
Ақылы жоқтар азады,
Ойы озбырлар тозады. («Алтын шежіре»)
***
Ақылменен көп елді қаратып алуға болады. (Құтып)
***
Ақылы болса – аяулы болады,
Білігі болса – бектікке таласады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақымақ болса да серік жақсы,
Қисық болса да жол жақсы. (М.Қашқари)
***
Ақымақ күндіз шам жағады. (С.Сарайи)
***
Ақымақ мың батпан тасты көтереді, бір ауыз сөзді көтере алмайды. (С.Сарайи)
***
Ақымақпен дос болма. (М.Әлі)
***
Ақымақпен жараспа,
Ақылдыдан адаспа. (М.Әлі)
***
Ақымақтан ары тұр – бәлесі жұғады. (Ж.Баласағұн)
***
Ақымақты мақтасаң – қуанады. (С.Сарайи)
***
«Ақымақты одан да қу, мұнда да жуытпа» деген мәтел бар. (Бабыр)
***
Ақымақтың аты шықса, әр төбеде бір із қалдырар. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Ақымақтың әңгімесін тыңдағанша зынданда жатқан жақсы. (М.Палуан)
***
Ақынның тілі – қылыштан өткір, қылдан жіңішке. (Ж.Баласағұн)
***
Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды. (Құтып)
***
Алаңсыз адам асықпайды,
Асықпаған аман жүреді. (М.Қашқари)
***
Алдайды: шекер беріп, ішкізер у,
Ей, дана, құт – тұрақсыз, осындай қу.
Жаңылып жабыспа құт шаужайына,
Сенім жоқ – ол қарамас ау-жайыңа.
Бақ-дәулет – бір көлеңке тыраңдаған,
Күн бойы бір орында тұра алмаған. (Ж.Баласағұн)
***
Алды қозғалған керуеннің арты кідірмейді. (А.Йүгінеки)
***
Алдында тұрса – жуас қойдай сені «дос» деп біледі,
Артында тұрса – қас бөрідей, теріңді тіледі. (С.Сарайи)
***
Алдырған – анасының қойнын ашады. (М.Қашқари)
***
Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді. (С.Сарайи)
***
Алмас қылыш шыға ма,
Негізі жасық темірден?
Қанша жуса кете ме,
Қап-қара түс көмірден? (С.Сарайи)
***
Алпыс батпан көтерген кісі бес батпан қосқаннан қорықпайды. (Құтып)
***
Алтау ала болса – алдындағыны алдырар,
Төртеу түгел болса – төбедегіні түсірер. (Әбу Хаийан)
***
Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса – бек тәжінің өрнегі. (Ж.Баласағұн)
***
Алтын, күміс, әманда таспен бірге жүреді. (С.Сарайи)
***
Алтын, күміс жиған – бай емес, сөз білген адам – бай. (Ж.Баласағұн)
***
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды. (С.Сарайи)
***
Алуа қанша тәтті болса, запыраны сонша ащы болады. (Құтып)
***
Алушы – арыстан,
Төлеуші – тышқан. (М.Қашқари)
***
Алынар (қарызға берілген) ақша кешіксе, алатын адамның берекесі кетеді. (М.Қашқари)
***
Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді. (М.Қашқари)
***
Алып – жауда көрінер,
Байсалды – дауда көрінер. (М.Қашқари)
***
Алыптармен алыспа,
Бектерменен айтыспа. (М.Қашқари)
***
Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар – әр кезде де көпшіл бол. (Ж.Баласағұн)
***
«Алыс» деме, жүріп кетсең жетер ерсің,
«Ауыр» деме, иыққа алсаң көтерерсің. («Алтын шежіре»)
***
Алыс жолдың іздерін түйе білер. (Қорқыт)
***
Алысқа барса, олжамен оралар. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді. (С.Сарайи)
***
Аман адам амалымен пәрменді,
Өткереді талай мақсат, арманды. (Ж.Баласағұн)
***
Аман жүрген кезде асығыс жоқ. (М.Қашқари)
***
Ананың хақы – құдайдың хақы. (Қорқыт)
***
Анасы пысық жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей қат-қаттап қосып асар. (М.Қашқари)
***
Аңғарғыш аңшы ауды алыстан бастайды. (Құтып)
***
Аңдамаған у ішеді. (Құтып)
***
Аңдыз болса – ат өлмес. (М.Қашқари)
***
Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды. (М.Қашқари)
***
Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады. (С.Сарайи)
***
Аңшы қанша айла білсе,
Аю сонша жол білер. (М.Қашқари)
***
Ара қанша бал берсе де, зәрін бір төкпей тұрмайды. (Құтып)
***
Ара тисең шағады. (М.Қашқари)
***
Арабы сәйгүлік қанша көтерем болса да бір үйір есектен артық. (С.Сарайи)
***
Аралас жүр, ішінде бол ізгінің,
Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін.
Сырттап жүрсең – сол әбестік болады,
Нұрлы жүзің, өкінішпен солады. (Ж.Баласағұн)
***
Арам ас түскен іш жазылмайды. (М.Әлі)
***
Арам малдың арты – азап. (А.Йүгінеки)
***
Арам малдың азап келер артынан:
Ей, малқұмар, жиған малың қайда осы?
Бүгін – қайғы, ертең жоқ қой пайдасы!
Арам малдың азап келер артынан,
Адал малға бір есеп бар жайда осы. (А.Йүгінеки)
***
Арамдық кірген үйден тыныштық қашады. (Ж.Баласағұн)
***
Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар. (Ж.Баласағұн)
***
Арпа берген кісіден есек қашпайды. (Құтып)
***
Арпа егіп, бидай оруға бола ма? (Мир-Хайдар)
***
Арпасыз ат қыр аспас. (М.Қашқари)
***
Арпасыз ат қыр аспас,
Жәрдемсіз алып жау жеңбес. (М.Қашқари)
***
Арсыз – адамның қоры. (Ж.Баласағұн)
***
Артық кетсе – түйсік түзер хал-жайды,
Ел бүлінсе – білім түзеп талдайды. (Ж.Баласағұн)
***
Артық ішкен ас – зиян. (С.Сарайи)
***
Арыстан ақырса, ат аяғы тұсалар. (М.Қашқари)
***
Арыстан жемін бассалса, ит үргеннен не пайда. (С.Сарайи)
***
Арыстан қартайса тышқан аулайды. (М.Қашқари)
***
Арыстан тісін «мамықтай жұмсақ» деме. (Құтып)
***
Арыстанға түлкі айласы жараспас. (Құтып)
***
«Арыстанмын» дегендер – әдетте, кесіртке болады. (Құтып)
***
Ас жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың. (Құтып)
***
Асау өзен өткелсіз болмас. (М.Қашқари)
***
Асқан ашу қорқыныш туғызады. (С.Сарайи)
***
Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық. (Ә.Науаи)
***
Асқынған ауруға пышақ ем. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Аспан тозбайды:
Жаралғалы бір тынбай көк күмбезді дөңгелер,
Жұлдыздары жыпырлап, күнді аударып түн келер. (М.Қашқари)
***
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды. (Рашид-әд-дин)
***
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да тал ағаш жеміс бермейді. (С.Сарайи)
***
Астарлы шапан тоңдырмас,
Үш өрім жіп үзілмес. («Алтын шежіре»)
***
Асығыс піскен асты жеген ауру болады. (Ж.Баласағұн)
***
Асығыс түбі – өкініш. (Ж.Баласағұн)
***
Асығыс істелген нәрсе алысқа бармайды. (С.Сарайи)
***
Асығыс істен пайда жоқ. (Ж.Баласағұн)
***
Асығыста – салмақты бол,
Ашу қысса – ұстамды бол. (Ж.Баласағұн)
***
Асыққан – ақылдының ісі емес,
Жүгіргеннің ішегі көгермейді. (Құтып)
***
Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады. (С.Сарайи)
***
Асыққан – тез ариды,
Жүгіріп жол алмас болар,
Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де талмайды. (Құтып)
***
Асыққан – тез шаршайды. (Құтып)
***
Асыққан іс кешігер. (Ж.Баласағұн)
***
Асықпай істі байқап ал. (М.Қашқари)
***
Асыл тас та мүжіледі. («Алтын шежіре»)
***
Асып-тасқан байлықты құдай да қостамайды. (Рашид-әд-дин)
***
Ат арытпай жол бітпейді. (Қорқыт)
***
Ат аяғы ақсауық,
Ақын тісті қақсауық. (Қорқыт)
***
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі. (Қорқыт)
***
Ат қалдыру туралы ғой әңгіме:
Адам емес – аты өлмейді мәңгіге. (Ж.Баласағұн)
***
Ат пен есекке мүйіз шығып жарытпайды. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Ат төбелі ай болмас. (М.Қашқари)
***
Ат шабады – ер шаттанады. (Қорқыт)
***
Ата өлсе – бала аман. (Ж.Баласағұн)
***
Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді. (М.Қашқари)
***
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса бала – солардан. (Ж.Баласағұн)
***
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң – менмендікке бастама. (М.Қашқари)
***
Атағы шыққан өлмейді,
Есте қалмаған өледі. (Рашид-әд-дин)
***
Атан жүгі ас болса да, ашқа аз көрінер. (М.Қашқари)
***
Атаның аты мен орны балаға қалады. (Ж.Баласағұн)
***
Атаның орнын ұл басар. (Ж.Баласағұн)
***
Атаның тоны балаға жараса, ол атасын іздемейді. (М.Қашқари)
***
Атаңды-анаңды құрметте,
Кісіні өлтірме,
Ұры болма,
Ыржақай болма,
Жалған куәлік берме,
Өзге кісіні күндеме,
Өз бауырың – адамды сүй,
Бойкүйез болма,
Күншіл болма,
Өкпелегіш болма,
Еріншек болма,
Қызғаншақ болма,
Мешкей болма,
Көңілшек болма,
Арызқой болма. («Кодекс куманикус»)
***
Атасы ащы алмас жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алмас жесе, ұлы мен қызының тісін қамар. (М.Қашқари)
***
Атасыздың аты шықса, асу сайын із салар. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)
***
Атлас – қымбат, бөз – арзан,
Көп сөйлеген сөз – арзан. (А.Йүгінеки)
***
Аттың басын ноқталап байла. (М.Қашқари)
***
Аты қалған ер өлмейді:
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса – бұ жалғанда өлмес ер. (Ж.Баласағұн)
***
Атың өтімді болса, өмірің татымды болады. (Ж.Баласағұн)
***
Атылған оқ қайтып оралмайды. (С.Сарайи)
***
Атым шықсын десең, асыңды аяма. (С.Сарайи)
***
Атым шықсын десең, жомарт бол. (С.Сарайи)
***
Атымды шығарам десең – асыңды сайла. (Ж.Баласағұн)
***
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды. (С.Сарайи)
***
Атып әкелген аң сыйлыққа жатпайды. (Құтып)
***
Ауру адам, әдетте, ынжық болады. (Ә.Науаи)
***
Ауру адам не болса соны айтады. (Құтып)
***
Ауру адамның айтқан өсиеті жақсылық жайында болады. (М.Қашқари)
***
Ауру қанша қатты болса да, өлімнің кепілі емес. (С.Сарайи)
***
Ауру мен жолаушы қамын жол қиындығын көрген біледі. (С.Сарайи)
***
Ауру – өлім хабаршысы, белесі,
«Өлім» деген – тіршіліктің елесі. (Ж.Баласағұн)
***
Ауру – өлімнің алғашқы елшісі. (Ж.Баласағұн)
***
Ауру – өлімнің түрткісі. (Ж.Баласағұн)
***
Ауруға ең қиыны – түн. (Құтып)
***
Аурудың жаманы да тамақтан өтеді, амалы да тамақтан өтеді. (Ж.Баласағұн)
***
Аурудың өсиеті – ізгі. (М.Қашқари)
***
Ауруын емдетпеген – тез өледі. (Ж.Баласағұн)
***
Ауруын жасырған – өледі. (Ә.Науаи)
***
Ауыз бен тілдің көркі – сөз. (А.Йүгінеки)
***
Ауыз жесе, көз ұялар. (М.Қашқари)
***
Ауыз көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз. (Көне қыпшақ жазу ескерткіші)
***
Ауыл бүлінсе – аулақ жүр. (Ж.Баласағұн)
***
Ауырған жерін ауру біледі. (Қорқыт)
***
Ауырғанның бәрі өле берсе – аспан асты бос қалар. (Ж.Баласағұн)
***
Аш адам – әлек,
Онымен тоқтың ісі жоқ. (М.Қашқари)
***
Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ. (Орхон жазу ескерткіші)
***
Аш – асығыс,
Тоқ – тыныш. (М.Қашқари)
***
«Аш болып тірі жүргенше, тоқ болып өлген артық» — депті біреу. (С.Сарайи)
***
Аш ит ет тапса – асай береді: иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме оған бәрібір. (С.Сарайи)
***
Аш – не жемес,
Тоқ – не демес. (М.Қашқари)
***
Ашкөз адам өлгенде тояды:
Дүниеқор жияр байлық, мал-жайды,
Қартайса да сол әдеті қалмайды.
Қояды тек ашкөздігін сол кезде –
Қашан оны қара жері жалмайды. (А.Йүгінеки)
***
Ашкөзге дүниенің асы жетпес. (Ж.Баласағұн)
***
Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар. (Ж.Баласағұн)
***
Ашу қысқан – жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет ұғынар. (Ж.Баласағұн)
***
Ашу қысса, ақылың ғайып болады. (М.Қашқари)
***
Ашу қысса – аузыңды жап. (Ж.Баласағұн)
***
Ашу-ыза – ақымақтық белгісі. (Ж.Баласағұн)
***
Ашулы бектен аулақ жүр. (Ж.Баласағұн)
***
Ашығып жесең – нан да шекердей көрінеді. (Құтып)
***
Аяғы сынған кісіге не серуен керек. (С.Сарайи)
***
Аяқтың астында жатсаң, басың аман қалады. (Құтып)
***
Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды. («Алтын шежіре»)
***
Аяулы ғой кісіде тек кісілік,
Инабаты, қасиеті кішілік. (Ж.Баласағұн)
***
(Жалғасы бар)
maqal-matel.kz
