Д

(Жалғасы. Басы мына жерде)

Дайын асты алдына тосса, (қонақ) жоғын іздемейді,
Барын алдына тосса, (қонақ) басқаны іздемейді. (М.Қашқари)
***
Дана кісі айтты мынау іспетті:
Есті сөзді есте тұтса – іс бітті. (Ж.Баласағұн)
***
Дананы қатты сыйлап, сөзін сүйгін,
Білімін аз-көп болсын ойға түйгін. (Ж.Баласағұн)
***
Дананың сөзі – соқырдың (надан адамның) көзі. (Ж.Баласағұн)
***
Дандайсыма, кеудеңді құр көтерме,
Сеніп болмас, қу дүние өтер де. (Ж.Баласағұн)
***
Данышпан да жаңылар кез болады. (С.Сарайи)
***
Данышпанның тілегі де қарапайым келеді. (М.Әлі)
***
Даңқтың аты білімге байланысты. (Ж.Баласағұн)
***
Дарақ бір жерде тұрып өседі. (С.Сарайи)
***
Дария суын ешкім де ішіп тауыса алмайды. (Қ.Жалаири)
***
«Дарияға алып барып (су татырмай) құр ауыз қайтады» деген бар. (Лутфий)
***
Дәлдеп келген аурудың дәрісі жоқ. (Ж.Баласағұн)
***
Дәмді сөз үлкен-кішінің бәрін де елітеді. (Ж.Баласағұн)
***
Дән себілмей астық өнбейді,
Дария буланбай шық түспейді. (Құтып)
***
Дәу де болса, ақылы жоқ адамдар бола береді. (Рашид-әд-дин)
***
Дәулеті бардың қолы ұзын. (Ж.Баласағұн)
***
Дененің басы болғаны жақсы,
Тонның жағалы болғаны жақсы. («Алтын шежіре», «Моңғолдың құпия шежіресі»)
***
Дені сау адамға оның сол сау жүргені жетеді. (С.Сарайи)
***
Дем алу (тынығу) үшін еңбек етіп алу керек. (Құтып)
***
Диқан болса – тамақ тоқ:
Бар диқандар – түгел пайда бұлардан,
Еліне олар ас-су, тамақ, болар нан.
Ашыққан ел, тойынған жан табылар –
Бәрі де осы диқандарға табынар. (Ж.Баласағұн)
***
Диқанның наны – адал:
Сен диқанмен қатынасып, аралас,
Сонда болар тәтті тағам, адал ас. (Ж.Баласағұн)
***
Диірменде туған тышқан күннің күркірегенінен қорықпайды. (М.Қашқари)
***
Доңыздың ісі – бір басқа,
Диқанның ісі – бір басқа. (Ә.Науаи)
***
Дос адам артық сұрамайды. (М.Қашқари)
***
Дос адам сарайыңды жұмақ етер. (М.Қашқари)
***
Дос бар – туғаннан да тәуір опа көрсететін,
Туған бар – жаттан да жаман жапа көрсететін. (Құтып)
***
Дос достың кемшілігін кешіре береді. (Ж.Баласағұн)
***
Дос-жараннан үзілсе үміт – ауыр мұң,
Жат кісідей мінезі бар бауырдың. (Ю.Баласағұни)
***
Дос зынданда жатқанда керек –
Дастарқан үстінде дұшпан да дос. (С.Сарайи)
***
Дос көңілі қалғанда қағынып шыққан жау болар. (Ж.Баласағұн)
***
Дос сені сүйіп қорғайды,
Жау іші күйіп сөйлейді. (С.Сарайи)
***
Дос пен жақын – ерге тірек. (Ж.Баласағұн)
***
Дос табу оңай – сақтауы қиын,
Жау болу оңай – тоқтауы қиын. (Ж.Баласағұн)
***
«Достың үйін сыпырғын, жау есігін қақпағын» депті бір мақалда. (С.Сарайи)
***
Достармен бірге жүріп өлген – той. (Бабыр)
***
Достарың мың болса да «аз» деп біл,
Дұшпаның біреу болса да сақтан. (Құтып)
***
«Досым» деп сенбе, сыр айтпай сақтан. (А.Йүгінеки)
***
Досыңа, ол жау болып кеткен күнде де залал тигізе алмайтындай етіп жақсылық жаса. (С.Сарайи)
***
«Досыңа сенбе: ол сенің теріңді сыпырып алып, сабан тыққан тұлып жасайды» деген түріктердің мақалы бар. (Бабыр)
***
Досыңның дұшпан болғанынан сақтан. (Құтып)
***Досыңды барда да сына, жоқта да сына. (Ж.Баласағұн)
***
Досыңның үйін сыпыр, бірақ жауыңның есігін ашпа. (С.Сарайи)
***
Дөңгелек нәрседен жүзік соғу оңай. (Құтып)
***
Дұға оқып ақша алған кісі әулие болмайды. (С.Сарайи)
***
Дұшпан алдында алданба – ол тұзақ құрып отырады,
Жарамсақтың мақтауына мастанба – ол құлқынының қамын ойлап қатырады. (С.Сарайи)
***
Дұшпан не демейді,
Түске не кірмейді. (Бабыр)
***
Дұшпанға қару сайласа – той болады,
Дұшпан жайын ұмытқан қой болады. (М.Қашқари)
***
Дұшпанның біреуі өлсе – қуанба, жұрттың бәрі де өледі. (Қорқыт)
***
Дұшпанның көзі жаманнан басқаны көрмейді. (С.Сарайи)
***
Дұшпанның көкірек қаққанынан қам жеме,
Оның мақтау-қошеметін шын деме. (Ә.Науаи)
***
Дұшпансыз ердің аты шықпас. (Ж.Баласағұн)
***
Дұшпаның өлсе – қуанба, өзің де өлесің. (Құтып)
***
Дүние бірде бал береді, енді бірде у береді:
Күлім қағар бұ дүние, ым жасар,
Өз қолымен болын беріп, у қосар.
Ең әуелі бал жегізіп дәндетіп,
Іле-шала сол тостақпен зәр тосар. (А.Йүгінеки)
***
Дүние желдей бағасыз,
Өмір күлдей бағасыз. (Р.Хорезми)
***
Дүние кешу – керегіңді ғана ал. (Ж.Баласағұн)
***
Дүние қалмас мәңгіге. (Р.Хорезми)
***
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. (Қорқыт)
***
Дүние-мал жомартқа жарасады. (Құтып)
***
Дүние-малға тарықпа:
Көңіл тарлығы – қайғының көзі. (Құтып)
***
Дүние-малды атақ үшін жияды. (М.Әлі)
***
Дүние тез өтеді,
Сөз мәңгілік қалады. (Ж.Баласағұн)
***
Дүние үшін өзіңді отқа салма,
Біреудікін күшпен тартып алма. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниеге жаям десең, атыңды –
Жолаушыға жақсылық қыл татымды. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниеде мың кемістік, бір жетістік бар: қайсысына бет алсаң сонысына барарсың. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниеде тек қана бір құдай мұңсыз. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниеқорлық – емделмейтін ауру:
Дүниеқор – кім бар оған тең келген?
Ол – бір кесел, ешкім оны жеңбеген.
Шаршамай-ақ он теңгені туғызар
Қолға тиген екі динар теңгеден. (А.Йүгінеки)
***
Дүниені дөңгелетер ақылды,
Ел басының көп білгені мақұл-ды. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниені кезген біледі. (Құтып)
***
Дүниені тынбай кезсең – білесің:
Тиер саған жазмыштағы үлесің. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниенің құлы болма. (Ж.Баласағұн)
***
Дүниенің тоқтығы – тоқшылықтың жоқтығы (дүниенің тоқтығы – аштық) (Ж.Баласағұн)
***
Дүниесі, малы барға жағынды, ел,
Азат жанын құл қып беріп, бағынды ел.
Малсыз ерді көрмей өтіп, елемей,
Көзін жұмып, жүз үйіріп, қағынды ел. (А.Йүгінеки)
***
Ділгер ердің қажетін сен өтесең, сенің мұғдар ісіңді құдай бітіреді. (С.Сарайи)
***
Дін мен дүниенің бірігуі қиын. (Ж.Баласағұн)
***

(Жалғасы бар)

maqal-matel.kz