(Жалғасы. Басы мына жерде)
Ғайбат істің өлшеуі – өкініште. (Ж.Баласағұн)
***
Ғалым бар дүниеде «дана» аталған,
Білімі халық жолын нұрға малған. (Ж.Баласағұн)
***
Ғалым білімімен көтеріледі. (А.Йүгінеки)
***
Ғалым сөзін естіп ал, есіңде ұста. (С.Сарайи)
***
Ғалымдар серке секілді: қай жаққа бастаса да тура жолға бастайды. (Ж.Баласағұн)
***
Ғашық адам белгі берер түспен де –
Ол білінер көзі көзге түскенде. (Ж.Баласағұн)
***
Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдамы болса, ғашық та болмайды. (Құтып)
***
Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар. (С.Сарайи)
***
(Жалғасы бар)
maqal-matel.kz
