Б

Базардан алған бәкіге мәз.
***
Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсірер,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.
***
Балалы қаз жемесе де, мәз.
***
Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы – күйік.
***
Бейнеттің түбі – рахат.
***
Бейнетсіз дәулеттің рахаты жоқ.
***
Бейнетсіз рахат жоқ.
***
Бектің бүгінгі қуанышы ертеңгі табысында.
***
Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.
***
Боз көйлектің қырық күндік мастығы бар.
***
Бұқадан өгіз жаман қуаларға,
Ағайын жақсы болар жұбанарға.
***
Бұл өмірді беріпті ғой азапқа,
Қызық қуып, бос өткізіп азайтпа.
***
Біртіндеп келсе қуаныш,
Ондап келер реніш.

maqal-matel.kz