Әйелді ұстай алмаған күң,
Жібекті ұстай алмаған жүн етеді.
***
Әкең қартайса, малшыға,
Шешең қартайса, жалшыға жарисың.
***
Әркім сүйгеннің құлы.
***
Әркім сыйлағанның құлы.
***
Әркім сыйласқанның құлы.
***
Әрі мырза, әрі құл
Жігіт қайдан табылар.
Әрі жүйрік, әрі мес
Жылқы қайдан табылар.
***
Әуеден шұға жауса,
Құлға ұлтарақ тимейді.
maqal-matel.kz
